Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан диаспора мәселелеріне жауапты мекеме басшыларының үшінші кездесуіне қатысты

129

Дархан Кәлетаев өз сөзінде түркітілдес мемлекеттер үшін бүгінгі отырыстың ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы шет елдерде өмір сүріп отырған қаңдастарымыздың мәдени-гуманитарлық саладағы сұраныстарын қанағаттандыруға мүдделі. Сол себепті, еліміз шет елдердегі қазақстардың өз ана тілін, дәстүрі мен мәдениетін дамытуға мүмкіндіктері болуы үшін қазақ диаспоралары өмір сүретін мемлекеттермен ынтымақтасуға барынша мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде, «Отандастар» қорының Президенті Нұртай Абықаев түркі тарапына іс-шараны жоғары деңгейде өткізгендері үшін алғысын білдіріп, бұл кездесу олардың бірлескен тығыз жұмысының бастамасы болатынын атап өтті. Сондай-ақ, қордың басшысы Түркияның бауырлас елдер арасында ерекше орын алатындығын атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Түркi кеңесi Түркiтiлдес диаспорасының ортақ әрекет стратегиясын» өзгерту туралы шешім және осы стратегияны жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.

Іссапар аясында қазақстандық тараптың Түркия Вице-Президент Фуат Октаймен кездесуі өтті. Тараптар диаспоралардың стратегиялық, экономикалық, мәдени дамуындағы екіжақты және көпжақты серіктестіктің негізгі мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, «Отандастар» қоры мен Юнус Эмре қоры арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында тараптар ортақ мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тәжірибе мен ақпарат алмасуға, өзара қызығушылық тудыратын салаларда іс-шараларды өткізуге келісті.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Стамбұлда Дархан Кәлетаев пен Нұртай Әбіқаев Түркия және Еуропада тұратын қазақ диаспоралары басшыларымен кездесу өткізеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз