Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
511
0.00
EUR
580
0.00
RUB
6.39
0.00

Қазақстан COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаға қызығушылық танытып отыр

130
Сурет: MedAboutMe

«Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті, —

деп жазды Қазақстан Президенті жеделхатта. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз».

Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің осы саладағы тиімді өзара іс-қимылын жоғары бағалады.

«Тамыздың екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселелерін талқылау үшін Мәскеуге барады», —

деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз