Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-4
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Қазақстан білім индексі бойынша 35-орында

696

Барлық ТМД елдерінің ішінен 26-орынды иеленген Ресейге ғана жол беріп, білім индексі бойынша Қазақстан 35-орын алды. Сонымен қатар, Legatum Institute деректері бойынша, білім деңгейі бізде Қытай мен Түркияға қарағанда жоғары.

“Қазақстанның гүлдену индексіне келтірілген түсініктемелерде Қазақстанда білім деңгейі мықты екендігі көрсетілген. Бұл еліміздің әрдайым Білім санаты бойынша 40 мықты елдер қатарында болуымен дәлелденеді. Мемлекетіміз Орталық және Батыс Азия бойынша білім саласында үздік деп танылды және 2011 жылы ЮНЕСКО “Баршаға арналған білім” индексінде бірінші орын алды”, – деді министрліктегілер.

Есепке сәйкес, Қазақстандағы білім деңгейі орташа әлемдік деңгейден және Тәжікстан мен Қырғызстан деңгейінен әлдеқайда асып түседі.

“Жетістіктер кездейсоқ емес, себебі “Қазақстан 2050″ бағдарламасы аясында Қазақстан халықтың сауаттылық деңгейін 99,8 пайызға дейін көтеру және халықтың бастауыш сыныптарды 100 пайызға аяқтауы үшін зор күш салып жатыр. Білім теңсіздігі көрсеткіші өте төмен, ал қыз балалар мен ер балаларды қамту коэффициенті әлемдегі ең жақсыларының бірі. Барлығы үшін тегін және міндетті орта білімнің болуы мемлекеттің орта білімнің ең жоғары көрсеткішіне жетуін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту бағдарламасын кеңейтіп, келесі онжылдықта Қазақстан білім берудің барлық деңгейінде ірі реформалар жүргізуді жалғастырмақ”, – деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз