Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

«Қазақстан Барысы» атауын «Көкбөрі» деп өзгерту керек

Барыс деген сөз ұғымы да қате. Себебі барыс тұқымдастарының алты-жеті түрі бар. Жолбарыс, қабылан, тарғын, долы, ілбіс. Ілбіп жүретіндіктен солай айтады. Ұрғашысын ішім деп айтады. Сондықтан, ол сөз ұғымы ретінде ол қате таңдалған», – дейді «Ұлы Қазақ» бірлестігі президентінің кеңесшісі Айдын Рысбекұлы.

Айдын Рысбекұлы таңбалы тастарда көкбөрі бар, бұқа бар, бұғы, ортеке бар, бірақ барыс жоқ дейді. Сөзінше, барыс деген жасанды термин. Сингапурды Азияның жолбарысы дейтініндей, еліктеу, солықтаудан шыққан ұғым әрі үстірт таңдалған дейді ол.

«Қазақстан барысын көрсетіп жатады ғой. Турнирдің атына сай балуандар барыстың терісін жамылып шығу керек. Балуандар неге бөрінің терісін жамылып шығады? Қасқыр деп сөйлейміз. Негізі қазақтар бөрі, көкжал, арлан деп айтқан. Біз сөздерді дұрыс қолданбаймыз. Сондықтан, барыс – Қызыл кітапқа енген дейді. Айтатын сылтаулары», – дейді бірлестік президентінің кеңесшісі.

Айдын Рысбекұлы «Қазақстан барысы» емес, сайысты «Көкбөрі» деп алу керек дейді.

«Мұны Қазақстан деп шектеудің де қажеті жоқ. Көкбөрі десек, түркі тілдес халықтар кіреді. Сонда мұның деңгейі көтеріліп кетеді. «Астана Арланс» деген бар. Ол енді менеджмент бойынша таңдалған. Бізге еліктеудің керегі жоқ. Тарихта таңбаланған көкбөрі деген атау бар. Соны сол қалпында бұзбай, неге қолданбасқа?» – дейді Айдын Рысбекұлы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз