Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
22
USD
516
0.00
EUR
585
0.00
RUB
6.24
0.00

Қазақстан азаматтары үшін репатриация рейсі жүзеге асырылады

Фото Александр Залесский

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары

2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыруды жоспарлауда.

Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.

Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті – Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз