Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан әскерінде дедовщина жоқ — Ермекбаев

144
Фото: Владимир Дмитриев / tengrinews.kz

Бұл негізінен әскери қызмет мерзімін бір жылға дейін қысқартуға байланысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

— Кеңес заманындағыдай дедовщина сияқты құбылыс қазір әскерде жоқ. Мұның бір себебі — қазір бір жыл қызмет етеді. Яғни, қызметкерлер арасында үлкен айырмашылық жоқ. Кез келген ерлер ұжымындағыдай дау-дамайлар, жанжалдар бар, бірақ қызмет бойынша аға буын жастарды жарғылық талаптарды орындауға мәжбүрлейтін жүйелі құбылыс жоқ, — деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қорғаныс министрі әскерде қауіпсіздік мәселесіне көп көңіл бөлінетінін және ол бірінші орында екенін түсіндірді.

— Биылғы жыл әскери қызметтің қауіпсіздік жылы болды. Біз әскери полиция жанынан арнайы басқарма құрдық, ол азық-түлік қауіпсіздігінен бастап, жауынгерлік оқ атулар, жауынгерлік техниканы жүргізу, парашютпен секіру және т.б. қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қосымша реттейді, – деп атап өтті Ермекбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз