Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Қазақшаға өзің аудар…”. Өскемендегі кооператив төрағасы не былықтырып жүр?

180

Айтуынша, 

«Восточник-3» серіктестігінің төрағасы Шошаников Григорий Петрович пен басқарма мүшелері саяжай кооперативі тұрғындарына күн көрсетпейді екен.

«Саяжай кооперативінің төрағасы қазақтарды, әсіресе жаңадан көшіп келген қазақтарды менсінбей, Қазақстан заңына да мойынұсынғысы келмейді. Жиналыстар орыс тілінде жүргізіліп, ақпараттың барлығы тек орыс тілінде айтылады.

Осының салдарынан,  қазақтардың көпшілігі жиналыста не айтылғанын түсінбей, бір-бірінен сұрап жатады. Осындай жағдайлар орын алған соң, біз ҚР заңына сәйкес, жиналыстар неге қазақ тілінде жүргізілмейді деп сұраймыз.

Жиналыстардың екі тілде де жүргізілуі міндетті деп, талап етсек, олар өздерінің заңды мекеме емес екендерін алға тартады. “Егер сендерге керек болса, қажетті құжаттарды өздерің аударып алыңдар дейді”.

 Кооператив төрағасы коммуналды қызметтер ақысын жыл сайын қымбаттатып, жыл сайын жаңа ережелер енгізеді», – дейді Айсұлу Қасенова.

 

Кооператив төрағасының “қылықтары”

Айта кетсек, 192 кооперативтің ішінде 50 шақты үй қысы-жазы саяжайда тұрғылықты тұратын адамдар. 50 үйдің, шамамен, 40-ында қазақтар тұрады екен.

 Айсұлу Қасенованың сөзінше, тұрғындар кооперативтің ойдан шығарылған заңы мен ережелерімен өмір сүруге мәжбүр.

“Көпшілігі жазда ғана келеді, өздерінің егістерін жинап, күзде кетіп қалады. Ал біз болсақ, қысы-жазы осында тұрамыз.

Бізге қыста электр энергиясы үшін 40,000 теңге төлеңдер дейді. Неге біз  алты айға 40,000 теңге төлеуіміз керек  деп қарсы шықсақ,  “төлемесеңдер, жарықсыз, тоқсыз отырыңдар” деп жауап береді.

Жыл сайын мүшелік жарна төлеуіміз керек. Әр жыл сайын оны кооператив  төрағасы  өзгертіп, көтеріп отырады.  Біздің кооперативтің төрағасы бізді мүлдем тыңдамайды, пікірлерімізбен санаспайды. Жиналыстарға қатысатын қазақтардың көпшілігі орысша түсінбейді, алайда оны түсініп жатқан ол жоқ», – дейді ол.

Айсұлу Қасенова және т.б осы саяжай кооперативінің тұрғылықты тұрғындары осы мәселе төңірегінде Өскемен әкімдігіне де, округ учаскелік бөлімшесіне де, прокуратураға да, саяжай коопертиві қарайтын «Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігіне де арызданған. Алайда, одан ештеңе шықпаған.

 

Қарашы өзін…

Бұл ретте Қамшы сайтының тілшісі аталған саяжай кооперативі қарайтын Өскемен қаласы және облысының «Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігіне хабарласқан екен. Өзін төрағаның орынбасарымын деп таныстырған  Татьяна Юрьевна ат тонын ала қашыпты, әрі қазақ тілге көзқарасын жасырмай, айтып салған екен. 

 

«Бағбандар одағы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйым болмағандықтан, қазақ тілінде іс жүргізуге міндетті емес.

Жиналыстар не себепті қазақша жүргізілмейді десеңіз, біздің орыс тілден қазақ тіліне аударатын аудармашымыз жоқ және оны жалдауға шашылмаймыз.

Аталған қоғамдық бірлестіктің құзіретіне қазақтарға аудармашы жалдап, жиналыстарды қазақ тілінде жүргізу кірмейді”, – депті ол.

Ал ендеше…

Жиналыстардың не себепті ресми тілде өтетінін де тәптіштеп беріпті. Айтуынша, жиналысқа  қатысушы орыс ұлтының саны қазақтарға қарағанда әлдеқайда көп.

Мұнымен шектелмеген. Хабарласқан тілшіге: 

“Қазақтарға жаныңыз ашып, көмектескіңіз келіп тұрса, ақшаға аудармашы жалдаңыз”,

– депті әлгі Татьяна. 

Заңгер не дейді? 

Осыған қатысты қоғамдық бірлестіктердің, шын мәнінде, мемлекеттік тілді аттап өтуге, елемей өтуге қаншалықты құзіреті бар деген сұраққа заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы жауап берген екен. 

Заңгердің айтуынша, қоғамдық бірлестіктер ҚР заңы бойынша мемлекеттік ұйымға жатпайды. Алайда, мемлекеттік тіл заңын сақтау мәселесіне келетін болсақ, егер ҚР азаматы ақпаратты қазақ тілінде жеткізуін сұраса, онда кез-келген мекеме, сол тілде оның сұранымын қанағаттандыруы керек.

“Қазақтар аз, орыстар көп келеді деген сияқты бөліп-жарушылық болмауы тиіс. Егер жиналысқа қазақтар келетін болса, олардың құқықтары барлығымен тең дәрежеде сақталуы тиіс. Бұлай бөліп жару нағыз дискриминацияға алып келетін мәселе.

Мұндай нәрселер ұлтараздық мәселелер төңірегіндегі дау-дамайдың туындауына әкеліп соғады”,

– дейді маман.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз