Кезінде менің әкеме күлген екен құрдастары: Дым болмаса балаларыңның біреуін орысша оқытсайшы, қатарынан қалдырасың” деп.
Әкем қасарысып: “Қазақ тілінің де заманы келеді. Көтеретін осылар болады” дейді екен. Бірақ, Өзбекстанның қол астында өмір сүріп жүріп қазақ тілінен теперіш көрмеп едім. Алматыға келіп қиналғанымыз рас. Орысша білмейміз онша. Біз көшіп келген жылдары орыстар әбден арқаланып алған екен, едіреңдеп, сабасына түсірдік қой. Айтайын дегенім, сол мектепте қазақша оқымағанда қазақ тілінің қасиетін де, түп мағынасын да ұқпай кетеді екенбіз ғой. Философияны орысша танығаныммен, қазақтың сөздерінің астарын ұққан сайын өзімді бақытты сезінетінім рас. Құнды тіл ғой біздің тіліміз – алмастай. Қанша шаң қаптырғылары келгенімен, жарқырай береді… Өйткені РУХ бар ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!
Алия Абжетова
Facebook-тегі парақшасынан