Құжат мемлекет басшысына 9-қазанда латын әліпбиіне көшу жөніндегі жұмыс тобымен кездесу барысында таныстырылды. Атап айтарлығы, латын жазуындағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандарты қоғамдық талқылаудың барысында түскен ұсыныстарды ескере отырып жасалыпты.
Қазақстан Президенті мемлекеттік тіл реформасы рухани жаңғыру бағдарламасының маңызды бөлігі екендігін атап өтті.
— Бұл күндері қоғамымызда жаңа қазақ әліпбиіне қатысты мәселе қоғамымыздың белсенді талқылауына түсті. Оған көптеген отандастарымыз қатысты.
Латын әлібиіне көшу идеясы тәуелсіздік алғанымыздан бері көкейімізде жүрген мәселе.
Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу мәселесі әрқашан менің ерекше бақылауымда болды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.