Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қазаққа бекер тиіппін…”. Танымал әнші күйеуінен қалай таяқ жегенін еске алды (видео)

135

Ол екінші күйеуі, ұлты қазақ – Ернұр Қанайбековтен соққы жегенін ашып айтты.

«Өкінішке қарай, екінші некем басынан-ақ дұрыс болмады. Соны түсіне тұра, күйеуімді өзгерте аламын деп үміттендім. Жүкті кезімде, күйеуім мені қатты итеріп жіберіп, мен қабырғаға басымды ұрып алдым.

Одан кейінгісі бұдан да асып түсті. Америкаға қоныс аударған соң, сұмдық жайттар орын алды. Себебі болмашы нәрсе ғана. Мен ол кезде мейрамханада жұмыс істейтінмін.

Күйеуімнің елінен қонақтар келді. Ол дастарханға достарымен бірге отыруымды өтінді. Бірақ мен бас тарттым. Сол жерде жұмыс істегендіктен, клиентпен бірге отыру маған тыйым салынған. Ол үндемеді.

Жұмысым аяқталған соң екеуміз таксиге отырып, үйге қайттық.

Бір кезде ол кері бұрылып, жағымнан бір-ақ ұрды. Мен құлап түстім, ал ол мені тебе бастады. Орнымнан тұрғанда аузымды жаба алмайтынымды түсіндім. Ал ол достарының алдында намысын аяқ асты еткенім үшін мені ұрып-соққанын мәлімдеді», – деп түсіндірді әнші.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/zhazira-zhanbolattan-taya-zhedim-sol-taya-a-lajy-boldym-235317

 

 

Бұдан кейін Наргиз жағын тексертуге ауруханаға барғанын айтады. Емханадан шыққаннан кейін күйеуі одан тізерлеп тұрып кешірім сұрағанымен, әнші онымен ажырасуға нақты шешім қабылдайды. Әнші ұрып жатқан сәтте күйеуімнің қандай көзқараспен қарағанын еш ұмыта алмаймын, деп отыр.

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/semejde-k-jeuinen-taya-zhep-kelgen-kelinshek-ony-pysha-tap-ltirdi-216407

«Шайтанның өзі сияқты көрінді», – дейді әртіс.

Айта кетейік, Закирова қазақстандық продюсер, өзінің екінші күйеуі Ернұр Қанайбековпен музыкалық іс-шаралардың бірінде танысқан. Ол кезде продюсер «Азия дауысы» байқауына іріктеу кезінде Ташкентке келген екен. Ерлі-зайыптылар АҚШ-қа қоныс аударған.

Ал араға үш жыл салып Ернұр жол апатында қаза тапты. Суыт хабар келгенде жұптың ортақ ұлы Ауэль 2,5 жаста еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз