Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
8
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

«Қазақ жігіттеріне қарап, қарным ашады» – әзірбайжанмен “жүретін” қаракөз қыздың жазбасы

144

Қазақ жігіттері дене, бой бітімі жағынан ұсақталып барады. Тіпті тән ұсақтығы ештеңе емес, рухтың ұсақтығы одан да жаман екен. Маған кездескен жігіттердің дені сондай болды.

Соңғы кездері өзге ұлттың жігіттері ұнап жүр.


https://kaz.365info.kz/aza-ty-zhigiti-nege-ajyrymsyz-245698
Ж
ақында бір отырыста Мансұр есімді әзірбайжан жігітімен таныстым. Бірнеше автокөлікті жалға беріп, жеке кәсібін ашқан. Денесі мығым, көзі үлкен, келбетті жігіт. Әзілдері де, сөйлеген сөзі де орынды. Мінезі салмақты. Қалтасы қалың. Жақсы мейрамханаларда тамақтанып, тауға, табиғатқа шығып серуендейміз. Бір жаман сөз айтып, жүрген кезде ерсі ұсыныс жасап, мені ренжітетін қылықтар жасаған емес. Шын мәнінде мен Мансұрды қатты ұнатамын. Ол да маған шын көңілімен назар аударып, мені әркез қуантуға әзір.

Бірақ, Мансұрмен жүргенде өзіміздің қазақтың жігіттері маған алакөзденіп қарайды, жаман сөздермен балағаттайды. «Мега» сауда орталығында қыдырып жүрсек, бірі таңырқай қарайды, екіншісі қазақ жігіті құрып қалды ма” дейді. Ал бірде кафеде отырғанымызда көрші үстелде отырған үш жігіттің бірі “бізге де берсеңші”, деген дөрекі сөздер айтты.

Қыз сыйлап үйреніп, мәдениеттен тыс қалған жігіттер, қайда жүрсіңдер қыз сыйласаңдар? Енді өзге ұлтпен көңіл көтерсем, бірден жеккөрінішті көзбен қарайды.

Мансұрдың маған деген көңілін түсінемін. Бірақ, бұл қарым-қатынастың қанша уақытқа баратынын да білмеймін.

Қаншалықты Мансұрды сүйсем де, мен болашақта өз ұлтымның азаматымен отау құрғым келеді. Бірақ бәрін өмір көрсетер. Ал әзірше маған осы өмірім ұнайды. Осы келбеті ерекше, қасы-көзі қиылған, нағыз еркек бітімді, мығым денелі жігітке қарасам, өзімнен қызғанып кетемін. Онымен бірге көрген қызықтар әзірге көңіліме жақын.

Өзге ұлттың жігітімен жүргеннің не әбестігі бар екен? Олармен көңіл көтергенде тұрған не бар екен?

https://kaz.365info.kz/aza-yzyn-stama-namysty-zhigit-zhas-yzdy-olty-ta-an-t-rikke-tap-berdi-224578
Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз