Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақ жазушысы жас ақындарды иттің боғына теңеді

222

Абай, Шәкәрім, Нұрпейіс Байғаниннен бастап Даулеткерей Кәпұлына дейінгі ақындарды жиі-жиі қолыма алып оқып отырамын. Кейбір жылдары бір ақынның “төңірегінде” жылдап “арқандаулы” жүретінім бар. Мысалы Мейірхан Ақдаулет, Әбіш Қайранов, Қасымхан Бегіманов өзіміздің Ұлықбек енді биылғы айналдыратыным Аманхан көкем, Есенқұл осылай кете береді.

Бұл буыннан сәл жоғары кетсек Жаркен, Ғалым, Иранбек, Исрайыл, Есенғали құдайға шүкір қазақтың мықты ақындары жетерлік.

“Журнал шығарып жатыр едім, маған жасы 16 мен 25 арасындағы ақындардың тізімін жасап берші” деп бір қарындасыма өтініш жасап едім, ертеңінде-ақ 50 шақты жас ақындардың тізімін жасап әкеп берді. Содан интернетке кіріп тұп-тура 10 күн күндіз-түні оқып шықтым. Тфу, әкеңнің …деппін ыза болғанымнан…Ой,ой былапыт қой мынау… Былапыт.

Тәңірім деп, айға ұлып, өлем деп, өзенге жүгірген өңкей жүгірмек… Қояншық, ми-батпақ қой мынау. Қайран,қазақтың қара өлеңі…

Енді, тағы бір азаматқа жүгініп, сен іріктеп, 50 жас ақынды әкел дедім. Оқимын. Жаңа аяғын тәй -тәй басқан “Қызыл Жусан” журналына жариялаймын…

Бізге “Иттің боғынан көп” ақын керек жоқ. Қазақтың қара өлеңін қастерлейтін мықты ақын керек…

Ренжімеңіздер… Саналы адам бұл сөзімді түсінер…„.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз