Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақ тойлары америкалықтың көзімен

370
Жалғасы. 1-бөлім.  2-бөлім. 

Алматыда мен жергілікті отбасымен бірге тұрамын. Жақында менің қазақ анам Нұрайна мені тойға апарды. Қысқаша айтқанда, америкалық және қазақ тойлары — жер мен көктей.

Ессіз әрекеттер азырақ

Америкалық мәдениетте тойда алкогольді көп ішіп, кейін өзіңді ақымақ секілді ұстау керек деп қабылданған. Тіпті

мас адамдардың саны белгілі бір деңгейге жетпесе, жастар некеде бақытсыз болады деген ырым бар.

Сондықтан әр қонақ өте көп ішуге міндетті.
Мен жергілікті тойға келіп, алкогольдің жоқ екенін білгенде қатты таңғалдым.
«Алкогольсіз қалай үйленуге болады, бақытты неке қайда қалды?» дедім.

Алкогольді сусындар маңызды рөл ойнайтын америкалық тойларға қарағанда, бұнда тамақ бірінші орында екен.

Менің ойымша, бұл тіпті жақсы.

#ohshit

Біз келген кезде дастархан жайылып қойған екен. Бай және әдемі дастархан мені сөзсіз тамсандырды! Америкалық тойдағы түскі астарға қарағанда әлдеқайда жақсы!

Менің қарным тойып, разы болдым. Бірақ бәрі  дастарханнан тұрмай, ары қарай отыра берді. Мен  билейтін уақыт болған жоқ па деп кішкене таңғалдым.

Әлі тұратын уақыт келмепті. Даяшылар қуырдақ әкелді. Мен өзімді тәрбиесіз адам ретінде көрсеткім келмей, өз сыбағамды жеп тауыстым. Өте дәмді болды, мен қатты тойып кеттім. Бірақ қонақтар дастарханнан тұруға асығар емес…

«Бір шетінен біздің бұлай отырғанымыз да жақсы болды. Осындай тойымды тамақтан кейінгі бидің алдында тамақ сіңгенше біраз отырып демалғандары қандай жақсы»,

— деп ойладым тойған қарнымды сипап отырып.

Осы кезде даяшылар қазақша ет алып келді. Көрші үстелде отырған адамдар: әйтеуір дені дұрыс тамақ келді-ау деп қуанып, енді тамақ жеуге болады деді. Мен таңғалысымды жасыра алмай: «Тамақ жеуге болады дегендерің не, біз бұның алдында не істедік» деп айтқым келді.

Бірақ мен өзіме: «Сен америкалықсың. Сенің күш-жігерің мықты. Сенің қолыңнан келеді» дедім

Бірақ мен етті қалай жеп тауысқанымды әлі білмеймін. Осындай күйде отырғанда жаныма даяшы келіп, бірнәрсені сұрады. Мен оның айтқанын түсінбедім, ал

 кез келген түсініксіз жағдайда мен әдетте «иә» деп жауап беремін. Ешқашан олай жасамаңыздар!

Ол маған тағы бір тәрелке ет салып берді. #ohshit!

Қуыршақ пен немере

Қазақтың тойларында ойындар көп ойнатылады. Бұл өте қызық. Америкалық тойларда тек қалыңдық гүл шоғын лақтырады. ал оның құрбылары сол гүл үшін таласып, тартысады. Ондағы жалғыз ойын осы. Барлық ойын қазақ тілінде жүргізілгеннен кейін, мен олардың мағынасын түсінбедім.

Мысалы, мен етке тойып алып, есімді білмей отырғанда менің осындағы екінші анам үстелден тұрып, асабаға қарай жүгіріп кетті. Ол өте сабырлы әйел, мен оның ешқашан осындай жылдамдықпен жүгіргенін көрмедім.

Дастархан басына қуанып келіп, маған қуыршақты көсетіп мақтанды.

«Не үшін? Бұл қуыршақ қандай мағынаны білдіреді?»

Маған бұл туралы кеңірек түсіндіріп берді. Бұл жақын арада ол немерелі болады дегенді білдіреді екен. Мен ол үшін қуандым. Бірақ қазір аздап қобалжулымын. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, олар мені «балам» деп айтады. Яғни олардың немерелері менің балам болғаны ма? Осы уақытқа дейін мен балалы боламын деп жоспарламаған едім…

Қонақтардың саны

Мені қонақтардың саны қатты таңғалдырды.

Америкада 500 адамдық той болмайды

Ал бұл күйеу жігіттің тарапынан келген қонақтар ғана. Әдетте Америкада екі жақты қосқанда ең көп дегенде 200-250 адам болады. Мен бұл жақта екінші адамның әпкесінің қызының күйеуінің ағасының тойына шақырылдым. Америкада олар ең алыс туысқандар.

Мысалы мен өз ағамның әйелінің анасының әпкесін танымаймын да. Тіпті оны тойға да шақырмаймын. Ал шетелдік студент туралы айтпай-ақ қояйын. Бұның барлығы, менің ойымша,

америкалық мәдениетпен салыстырғанда қазақ мәдениетінде отбасының рөлі маңызды екенін білдіреді

Ал қонақ санының көп болуы қонақжайлылықтың бір көрінісі. Мені шақырғанына шексіз ризамын.

Асабаның басты міндеті

Америкалық тойларда бұндай адам жоқ. Онда барлығы бірдей тілек айтпайды, бірақ  көп ішіп, өздерін ақымақ ретінде көрсету туралы міндеттерін біледі. Қазақстандағы асабалар осындай хаосты болдырмай, қонақтарды тыныштандыру үшін қажет шығар.

Әрі күнге дейін ұяламын

Мен әдетте көп нәрсеге ұяла бермеймін, бірақ бұл туралы ойласам, өзімді қоярға жер таппай кетемін.

Өз тілімде де үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге қысыламын. Сондықтан менің екінші анам маған қазір сен тілек айтасың дегенде, қуандым деп айта алмаймын.

Мен ойымды жинақтап, қатты дауыспен: «Ассалаумағалейкум!» дедім.

Тілектің ортасы да жаман болған жоқ. Осыған көңілім көтеріліп, қазақша тілекпен аяқтайын деп шештім. Сол сәтке дейін мен бұл тілде бірнеше сөз ғана білсем де, өз күшіме сеніп тұрдым.

«Той суникти болсын!» деп айғайлап айттым десем де болады.

Өзімнің тілегіме көңілім толып, қуанып жүрдім… Бірақ бұл сезім ұзаққа бармады… Мен өзімнің шешендік талантым туралы қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыға айтқанда, ол ойланып тұрып қалды.

«Сіз мүмкін «Той құтты болсын?» деп айтқыңыз келген шығар деді.

Иә, Олжас,  егер сіз солай атсаңыз, дұрысы «Той құтты болсын!» шығар…

Бұндай да бола ма?!

Америкалық тойларда беташар секілді дәстүр жоқ. Бірақ маған өте ұнады!

Өзімнің тойымда қалыңдығымның туыстары менің бетімді көру үшін ақша бергенін қалаймын.

Әзірше бұны қалай жүзеге асыратынымды білмесем де, міндетті түрде бұл тілегімді орындаймын.

Бейтаныс той

Мен осы уақытқа дейін екі қазақ тойында болмадым. Бір уақытта екі тойда!

Мәселенің мәнісі мынада. Сенбі күні алғашқы қазақ тойына ұзақ уақыт дайындалып (душқа түсіп), көңіл көтеруге дайын болдым.

Той залы Алматы облысының бір жерінде болды. 2ГИС көрсететін қала картасынан тысқары жерлер — мен үшін жердің бір жері секілді. Біз анамыз екеуміз қажетті жерге келіп, ресторанға кіргенде менің құлшынысым артып тұр еді.

Анам мені тастап, өзінің әпкесін іздеуге кетті.

Менен ешнәрсе сұрамай, дастарханға отырғызып, тамақтандыра бастады.

Қысқаша айтқанда, анам өзінің әпкесін таба алмады… олардың тойы сенбі емес, демалыс күні болады екен (!)

Яғни біз бейтаныс адамдардың тойына кіріп кетіппіз.

Танымайтын адамға ешқандай сұрақ қоймай, тамақтандыруы қазақтардың  қонақжайлылығының бір куәсі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз