Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақ өнерінің жарық жұлдызы дүниеден озды

112

Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген.

Ол сахнада О.Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» – Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» – Ұшқыш, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» – Тәңірберген, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» – Ақан, С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановындағы» – Шоқан, Т.Ахтановтың «Антында» – Сауран, М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» – Әлібек, Т.Ахтановтың «Жоғалған досында» – Естемесов, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» – Қасым, «Ақ кемесінде» – Құлбек, Е.Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» – Төлеген, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» – Цезарь, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» – Флоридор, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» – Фархад сынды негізгі рөлдерді сомдады.

Актердің әншілік өнері де бар. Ол бірнеше спектакльде ән орындайды. Қазақстанның халық әртісі (1993), КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығы лауреаты (1976). «Құрмет» орденінің иегері (2008), ҚР Тәуелсіздік күніне орай, Алмалы ауданының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби біліктігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз