Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақ қызы “сварщиктер” жарысында 500 жігітті қапы қалдырды

Сондықтан да, Мейрамгүлге “неге дәл осы мамандықты таңдадың?” деген бір ғана басты сұрақ қойдық.

“Менің әкем қолынан неше түрлі бұйым жасайтын кісі еді. Кішкентай кезімде жанында жүрген соң да болар, дәнекерлеу жұмысы маған жат емес еді. Сондықтан, осы мамандықты таңдап, игеріп кеттім деп ойлаймын. Оның үстіне, өз тәрбиесіне алған әкемнің әпкесі өте қатал кісі болды. Бойымдағы мықты ерік-жігер сол кісінің тәрбиесінен болар”.

Қазақ қызы студент кезінде 500 жігіттің арасында үздік үштікке кірген

Мейрамгүл мектеп бітірген соң, 2009 жылы колледж студенті атанғанын айтып өттік. Бір жылдан соң, 2010 жылы Моңғолияда дәнекерлеушілер арасындағы республикалық жарыс өткен екен. Студент қыз сол жарыста 500 баланың арасында үшінші орын алған. Бұл әрине, Мейрамгүлді тек шабыттандырған.

Ал оқуын аяқтағаннан кейін оған тең келер дәнекерлеуші болмаған

“2011 жылы оқуымды аяқтадым. 2012 жылы Шарынқол аймағындағы жылу станциясына дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрдым. 2013 жылы Моңғолияда бүкіл станциялардың дәнекерлеушілері арасында республикалық жарыс өтті. Соған қатысып, 1-орын алдым”.

“Жігіттер көп, жұмыс ауыр”

Мейрамгүл үш жылдан астам уақыт жылу станциясының дәнекерлеушісі болып жұмыс істеген. Айтуынша, станцияда ер адамдар көп, ал жұмыс ауыр болған. Бірақ, табандылық танытып, сол жерде еңбек ете берген. Аты сол аймаққа таралған соң, Дархын аймағындағы колледж басшылығы хабарласып, дәнекерлеуді үйрететін мұғалім қызметіне шақырыпты.

“Ұстаз болғың келе ма, сенен басқа осы жұмысқа лайық адам таба алмай отырмыз. Жұмысқа кел” деді. Көп ойланбай, сол жерге кеттім. Міне, 2014 жылдан бері өзім оқыған кәсіптік мектепте дәнекерлеу пәнінен сабақ беремін”, — дейді Мейрамгүл.

Дәнекерлеуші ғана емес, сүйікті жар, аяулы ана

Мейрамгүл 2016 жылы тұрмысқа шыққан. Бір қызы бар. Бірақ жұмысын тастамаған. Спортты өте жақсы көреді екен, әсіресе, волейбол ойынын жақсы меңгерген. Мектептегі негізгі жұмысынан басқа волейбол үйірмесінде балаларды жаттықтырып, әртүрлі сайыстарға қатыстырады.

“Волейбол ойынын өте жақсы көремін, жақсы ойнаймын. Қазір өзім жаттықтырып жүрген команда бар. Осы қаңтар айында, 24-27 қаңтар аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда волейболдан жарыс өтеді. Командамды сол жарысқа дайындап жатырмын”, — дейді Мейрамгүл Қайратқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз