Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қазақ қыздары мен америкалық қыздардың айырмашылығы. Америкалық студенттің көзқарасы

695

Еркектердің рөлі туралы

Мен қыздарға өз деңгейінде баға бере алатын ең жақсы адам емес шығармын. Себебі қазақстандық еркектерге қойылатын стандарт бойынша мен америкалық жігіт пен америкалық қыздың ортасындағы тұлғамын. Жаман ойламаңыздар, мен қыздарды жақсы көремін.

Мен табиғатымнан қорқақ адаммын, өмірімде бәрінен таяқ жеп жүретінмін. Алкоголді көп іше алмаймын. Өзімді бір отбасын асырайтын жағдайға жеткен азамат ертінде сезінбеймін. Алайда тамақты өте дәмді пісіремін, балаларды қарап, оларды тәрбиелеу ұнайды. Шынымды айтсам, мен өте бай  және күйеуінің үйде отырғанын армандайтын әйелге үйленгім келеді. Бұл арманымды іске асыру үшін Америкаға кетуім керек. Себебі,

менің ойымша, Қазақстандағы қыздарға отбасындағы еркек пен әйелдің дәстүрлі рөлдері маңыздырақ секілді

Десе де….. егер жергілікті олигарх-әйелдер бұл мақаланы оқып отырса, менің есімім Вилли және басым бос. Қыңыр мінезім жоқ, ұялшақ емеспін!

Кәрі қыздар

Мен 22 жастамын. Америкалық құрбыларыммен неке туралы сөйлескенде, олар: «10 жылдан кейін келсең, тұрмысқа шығу туралы ойланып көремін» деп жауап береді.

Бұл тақырыпты Қазақстандағы өзім қатарлы қызбен талқылағанда, ол:

«Менің тезірек тұрмысқа шыққым келеді. Осыдан екі жыл бұрын шыққаным дұрыс еді. Мен енді кәрі қызбын» деді.

Әрине  барлық қазақ қыздарына қатысты деп айта алмаймын, бірақ бұл америкалық қыздар мен қазақ қыздарының басты айырмашылығы секілді.

Яғни

 Америкада мансап бірінші орында, кейін сәті келсе тұрмысқа шығады. Ал Қазақстанда тұрмысқа шығып, содан кейін мүмкіндігі болса мансабын жасайды.

Этикет туралы

Америкада рыцарлық оңтүстікте сақталған да шығар. Бірақ менің қарлы солтүстіктегі отанымда оның ізі де жоқ. Біз қыздарға есік ашып, көліктен түскенде қолымызды бермейміз. Бұл біздің жақтың жігіттері еріншек болып кеткеннен бе, әлде қыздар өмірдің барлық саласында құқықтың тең болуына қол жеткізгеннен бе? Білмеймін.

Менің бір білетінім,

Америкада қыздардың сөмкесі мен пакетін тасымаймын және біздің қыздар бұндай әрекетті дұрыс қабылдайды

Қазақстанда бәрі басқаша. Жігіт сізге есік ашпаса немесе көліктен түсуге көмектеспесе ол  қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауды білмейтін, тіпті дөрекі және жабайы адам болып көрінеді.

Бізге де «Америка 2050» стратегиясы керек!

«Сыртқы келбеті  емес, ішкі дүниесі маңызды» — деген пікір Америкада да, Қазақстанда да бар.

Тек америкалық қыздар мен жергілікті қыздар бұл ұғымды әртүрлі түсінеді. Қысқаша айтқанда, бұл тұрғыда жергілікті қыздар маған көбірек ұнайды. Олар америкалық қыздарға қарағанда өздерінің сыртқы келбетіне, киіміне көбірек көңіл бөледі.

Мен үнемі АҚШ ең керемет ел деп ойлайтынмын. Қазір сәнге келгенде біз көп нәрседен артта қалғанымызды түсіндім. Бізге тез арада «Америка 2050 — сән» стратегиясы керек.

Америкада сабаққа пижамамен келген студент қыздарды көруге болады. Кейбірі бір киімді бірнеше күн қатарынан кие береді. Әрине, бұл тек қыздарға қатысты. Жігіттердің жағдайы бұдан да нашар. Мәселен, менің мұндағы алғашқы күнімде бір әйел мені қаңғыбас деп ойлап, тиын берген.

Былайша айтқанда, мен оның нөмерін сұрамағаным үшін әлі де өкінемін. Мен ол кезде өзімнің бай әйел іздеп жүргенімді білген жоқпын ғой.

Менің акцентіме не болды?

Орталық-батыстық, ауылдық акцентім қатты білінетіндіктен, Америкада қыздарға келгенде жолым бола бермейтін. Америкалық қыздар бұдай акцент пен оның иесін ақымақ санап, жақтырмай қарайды.

Орыс тілінде тіпті нашар акцентпен сөйлеймін.  Бірақ

жергілікті қыздар менің ақымақ емес, америкалық екенімді білгенде акцентім бір сәтте тартымды болып кетеді.

Қызық!

Алайда  менің бай әйелді іздейтінім туралы білгенде, бар тартымдылығым көзден ғайып болады… Бұл да қызық!

8 наурыз мерекесі туралы

Америкада мұндай мереке жоқ. Бұл елдегі қыздардың өмірінде бұл мереке өте үлкен маңызға ие секілді. Себебі, менің таныстарым Халықаралық әйелдер күнін тағатсызданып күтеді.

Мен тіпті бұл қандай мереке екенін де білмеймін.

бұл күні мен не үшін гүл сыйлауым керек?  Неге маған сыйлық сыйламасқа? Түсінбеймін…

Шынымды айтсам, мереке жақындаған сайын мен қорқа бастадым. Себебі қаңтардан бастап таныс қыздар 8 наурызда нені күтетіні туралы  астарлап айтып жатыр. Олар менен көп нәрсені күтетіні сөзсіз. Бірақ нақты не керек екені түсініксіз.

Америкалық қыздар бұл мереке туралы еш уақытта білмеуі керек!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз