Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақ-қырғыз сыртқы істер ведомствалары су ресурстарын тиімді пайдалануды талқылады

Кездесу барысында министрлер қазақстан-қырғыз күн тәртібінің өзекті мәселелерін конструктивті және сенімді сипатта қарастырды. Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сұхбаттасушылар шекаралас ынтымақтастығын кеңейту және екі ел азаматтарының қатынасуы мен өзара сапарлар үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға келісті. Сондай-ақ, сыртқы саяси ведомстволар басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара іс-қимыл мен 14 сәуірде Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияның ортақ мүдделерін жылжыту бойынша соның ішінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017 жылғы мүшелігін мәтінде үйлестіруді жалғастырудың мәнділігін атап шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз