Аруағын шақырған қазақ.
” Аруақ”- десе қорқатын, содан ат- тондарын ала қашатындар көбейді. Ислам фундаментализмі әбден миын улағандар. Тектілік ұмытылған жерде ештеме жоқ. Қуыс қурайсың. Міскінсің. Құлсың.
Баяғыда замандарда тектісінің атын ұрандап шақырып, жауға шапқан, тебінгісін теріс тағынған, телегей намысына найзасын ұштаған, сөйтіп мынау кең байтақ даланы алып қалған ата- бабаң сенен ақылды, сенен мәрт, сенен кісілікті, сенен намысшыл, сенен жүректі еді.
Қазақ ешқашанда Алланың атын шақырып жауға шаппаған. Руының ұранын, тектісінің аруағын шақырған.
Аруақ- өлгенге ғана тән субстанция емес. Ол- қасиет! Ол- кие! Ол- рух!
Рух өлген жерде бәрі өледі.
Арман Әубәкір
Фейсбук парақшасынан