Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Қазақ еркектері неге өсекші?

1458

Ал, еркектер ше?

Сондағы әйелімнің әңгімесі мынау:

«Кеше базар жақтан такси тоқтатып, отыра қалып ем, менімен бірге тағы бір еркек мінді. Жасы 40-тың асты-үстінде. Бағытымыз бір. Ол еркек ақырын әңгімесін бастай кетті.

https://kaz.365info.kz/k-jeui-taksist-bolmasyn-247006

Ешкім одан сұрамаса да, ажырасқан едім деді де, ары қарай бас салып әйелінің бүкіл кемшілігін айтып жамандай кеткені.

Оған қосылып таксисіміз де өсекке көсіліп кірісті: оның да ішіне толып қапты, ол үйіндегі әйелін жамандауға көшті. Әйеліме аузын аштырмаймын, Ә десе, мә деймін, басыма шығармаймын, күл болмаса бүл болсын, жүрегі ауырмаса атамнан ары, мен оған «қылтамақ» деп ат қойып алғам, тыңдамаймын да, адам ғұрлы көрмеймін, демесі бар ма?

Сөйтіп, алдыңғы екі орында отырған екі еркек жарыса отырып, біреуі тастанды әйелін жамандаса, екіншісі қойнында 20 жыл жатқан әйелін жамандап келді. Тіпті дауыстары қатты-қатты, екіленіп шығады.

Жолаушы еркек тіпті әйелім ауру еді, мен оны емдеттім, пәлен ақшам кетті. Бір балам бар, бірақ баласын көтіне тықсын, алимент те төлемеймін, өзі мысық сияқты, деп барқылдап кетті.

Тіпті бар ғой, бір-біріне сөз бермей, кезек-кезек жамандайды. Бөтен біреуді емес, өз әйелдерін…

Артта отырған мені ұмытып та кетті. Естіп отырып тіпті ұялады екенсің…

Мейлі, ол қандай әйел болсын, еркекке оны бөтен адамға жамандауға болмайды ғой?

Мейлі, ажырас, мейлі, жақсы көрме, бірақ ол — сенің өз құпияң.

Өз әйелін жамандаған еркекті бірінші рет көріп, таң қалдым.

Өсек әрине, жаман. Бәрі өсек айтады.

Бірақ осы еркектер әйелден арман өсек айтатын болып кеткен бе?

Мына екі кісінің өсегін ары қарай тыңдай алмай, жолдан ертерек түсіп қалдым. Еркектің өсек айтқаны ерсі көрінеді екен.

Бірақ жолда келе жатып, ойланып қалдым: әй, осы мені де күйеуім таксовайттап бара жатып бөтен еркекке жамандай ма екен деп? Бірақ әрине, еркектің де еркегі болады ғой…».

https://kaz.365info.kz/khytylmajtyn-klientim-goj-taksidegi-okhiga-265853

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз