Бір жыл бұрын Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова екінші рет ата-ана атанды. 22 жылдан кейін қайтадан әсәби сүйіп, нәрестенің исін иіскеп, қуаныштарында шек болмады.
Жақында Дара қыз бір жасқа толады, ал оның ата-анасы екі оттың ортасында қалғандай күй кешті.
Бұрынғы уақыт болса дүркіретіп той жасар еді. Бірақ қазір коронавирустың таралуына байланысты әлі де шектеулер алынған жоқ. Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Желі қолданушыларынан кеңес сұрады.
«Қызымның тұсаукесер тойын жасауға халықтан ұялып, жасамауға туыстарымыздан ұялып отырмыз. Аз адамға жасасақ көп таныстарымызды шақырмай ренжітіп аламыз ба деп тағы ойланасың. Қазақ болу да оңай емес,ия?!».
Жанкүйерлерінің көбісі қуанышты үйде, жақындар мен туыстардың ортасында өткізуге кеңес берді.
«Тума-туыс, дос-жарандарыңыздың амандығын, денсаулығын ойлаңыз! Балаңыздың қадамы құтты болсын, қарындасым. Амандық болса талай той болар», «Ұят деген бұл жерде жүрмейді. Заң бәріне бірдей», «Ой тағы басталған ба? Осы карантинді ашпау керек пе еді?. Анау пәле тағы кетеді ғой елді аралап, өзі әзер тынышталды ма дегенде», — деп жазды алаңдаған қолданушылар.