“Сүйіктім, қыз сыйлағаның үшін рахмет” деп жазып алыпты көлігінің артқы терезесіне бір күйдіргі.
Өзім 56 размер шапан таба алмай, “қарабазарда” шаршап жүргем ғой.
Соңғы кездері сəнге айналыпты осы əдет. Орысша əліпті таяқ деп білмейтіндерге дейін раддомның алдына “ыспасиба за дош”, “ыспасиба за син” деп жазып қоятынды шығарыпты.
Көккөздерге еліктеушілік. Əйтпесе қай атаңнан көріп едің əйеліне көптің көзінше бала туып бергені үшін рахмет айтқан?! Тіпті, тек екеу ғана ұға алатын, тек екеу ғана сезінетін махаббат пен сүйіспеншілік сезімді де білдірмеген. Ал қазір “пау, шіркін! Менің келіншегімді-ай” деп тамсанатын қатынжанды еркектер көбейген. Ұят емес пе?
Нәзия Жоямерген