Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қатын Баянды жырлағанша, батыр Баянды жырлайық

155

Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы  күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевтың поэмасынан бөлек жыраулар поэзиясынан және Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады.

Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде батыр Баянның Абылай ханмен бірге Қытайға қарсы соғысқа қатысқаны жайлы деректер бар.

Қытайлармен шайқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда қалың әскердің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баянның қолы қытайлармен айқасқа түседі. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. Жыраулар поэзиясында қазақ батырлары мен олардың   елдік жолындағы ерліктері кеңінен толғанады. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай,

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды, – деген жолдар бар.

Бұл толғаудан батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі болғанын байқаймыз. Ол батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген,  туған елі мен жерін қорғап, халықтың батыр Баяны атанған.

Дереккөз: osken-onir.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз