Денсаулық сақтау Вице-министрі Людмила Бюрабекова 19 мамыр күні Қазақстанда соңғы бірнеше күн ішінде коронавирусты жұқтырудың күрт өсуі байқалғанын хабарлады. Күзде эпидемияның екінші толқыны болады деп күтілуде. Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтап, қолды жууды, қауіпсіздікті қорғау құралдарын киюді және әлеуметтік қашықтықты ұстауды ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін тоқтатты. Сол күні таңертең қалада карантин де алынып тасталғандай қала өмірі жанданып кетті. Алайда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің басқа да қалаларында карантин режимі сақталынып тұр.
10 мамырдағы мәліметтер бойынша, Қазақстанда төтенше жағдай соңғы күні коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 5 мыңнан астам оқиғасы расталды
Бүгін, 19 мамыр күні ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елімізде жұқтырудың 311 оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Яғни, осы күні ауру жұқтырғандардың өсу қарқыны карантиндік шаралардың әлсірегеннен 9 күннен кейін 4,8%-ды құрады.
Вице-министр
соңғы бірнеше күндегі өсім алдыңғы күндерге қарағанда айтарлықтай жоғары деді
— ТЖ режимі алынды, бірақ карантиндік шаралар, әсіресе, вирус жұқтырғандар өсімі 5%-дан жоғары өңірлерде сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, 12 мамырда төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейінгі күні ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантинді жеңілдетудің үш кезеңі туралы айтқан болатын. Бірақ ол төтенше жағдаймен бірге карантиндік шараларды түпкілікті алып тастау туралы сөз қозғамады.
— Бірінші кезең — егер бір апта ішінде коронавирустық инфекция жағдайларының өсімі 7%-дан аспаса; Екіншісі — бір апта ішінде ол 5%-дан аспаған жағдайда; Карантиндік шараларды жұмсартудың үшінші деңгейі апта ішінде ауру жұқтырғандар 2%-дан аспаған жағдайда енгізілетін болады.
Сонымен қатар, ол карантинді жеңілдету әр өңірде эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеке сценарийі бойынша өтетінін атап өтті.
Бас санитарлық дәрігер
адамдар көп жиналатын отбасылық мерекелерді атап өтуге әлі ерте. Мұның бәрі өсім көрсеткіші 2%-ға дейін және одан азайған кезде ғана мүмкін болады деп ескертті.
Алайда адамдар көшелерге шығып, белсенді өмір қайта басталды, қала бойынша жеке автокөліктерімен жүріп-тұруда, тіпті Алматыда тауға серуендеу маусымын да ашып алды.
Людмила Бюрабекова аурудың өсу пайызы белсенді кәсіби скринингтің енгізілуімен байланысты дейді.
— Біз зертханалардың қуатын тәулігіне 28 мың тестке дейін арттырдық
Бұл тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының зертханалары, жеке зертханалар, аймақтардағы ЖИТС орталықтарының зертханалары және инфекциялық стационарлардың зертханалары. Сонымен қатар, эпиджағдайға байланысты түрлі өңірлерге жолданған жылжымалы обаға қарсы станциялар да бар.
Бүгін, 19 мамыр күні коронавирустық инфекцияның таралу көрсеткіші төмендегідей:
Ең жоғарғы көрсеткіштер Атырау (142 — 22,6%) және Қостанай (19 — 24,1%) облыстарында тіркелді
Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері елдің барлық азаматтары жаттап алды десек те болады. Бірақ еске салғанымыз артық болмас:
— жоғары дене температурасы,
— бас ауруы,
— әлсіздік,
— жөтел,
— тыныс алудың қиындауы,
— бұлшық ет ауруы,
— жүрек айнуы,
— құсу,
— диарея.
Вице-министр барлық қауіпсіздік шараларын сақтау — қолды жуу, бетперде, қолғап киіп жүру, әлеуметтік қашықтықты сақтау әлі де маңызды екенін еске салды.
Ол
күзде коронавирус індетінің екінші толқыны күтілуде дейді
— Біз сол уақытта қандай эпидемиологиялық жағдай болатынын байқаймыз және тиісінше карантиннің жаңа шараларын қолданатын боламыз.