Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қасымов Ақтаудағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бүгін мұнда, әрине, темір-терсек өткізуге мүмкіндік жоқ. Тәртіп сақшылары жарылыс болған базаны қоршауға алған. Оқиға орнына бірінші боп жеткен «Арлан» арнайы жасағы бастапқыда танк снаряды жарылды деп мәлімет таратқан. Өйткені темір-терсектен басқа бұл жерден бақандай 11 дана жарылғыш зат табылыпты. Алайда Қасымов көп ұзамай қол астындағы қызметкерлерінің сөзін теріске шығарды.

Ал жарылыстан екі адам мерт болып, үшеуі ауыр жарақаттанған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, төрт жігіт айдаладан алты қап металл жинап әкеліпті. Соны түсіріп жатқанда, кенеттен жарылыс болған. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа сол белгісіз заттар себепкер. Ал әскери снарядтардың оқиғаға қатысы жоқ. Дегенмен, дәрігерлердің дерегі басқа.

“Бәрі де жарықшақпен жараланған. Одан бөлек миы шайқалған. Қазір үшеуі травматология бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр”, деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, әуеден түсірілген мына кадрларда снарядқа ұқсас заттардың екі қатар боп тізіліп жатқаны көрініп тұр. Әйтсе де, бұл жайтты әскерилер растамады.    Жансая Омарқызы, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметкері: – Тергеу анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан ресми түрде қандай да бір мәлімет айта алмаймын. Құзырлы органдар бәрін анықтап жатыр. Әзірге белгілісі, қауіпті металлды қабылдағандардың рұқсат қағазы болмаған. Ал ғимаратты жергілікті кәсіпкердің бірінен жалға алыпты. Дегенмен, бұл оқиғаға қатысты әлі ешкім  қамауға алынбаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз