Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынап тастады

Соның салдарынан бұл заңдардың мазмұнында ағымдағы жағдайға деген тұжырымдамалық көзқарас пен мемлекеттің дамуына оң ықпал ететін үрдістердің тапшы екені бірден байқалады. Бірқатар заңнан ішкі қарама-қайшылықпен қатар теңгерімділіктің жоқтығын көруге болады.

Заң бір ұғымның өзін алуан түрлі мағынада түсіндіруі мүмкін. Бұл жағдай қоғамның парламент пен үкіметтің қызметіне деген сыни көзқарасын туғызары анық”, — деді Тоқаев сенатта заң шығару процесін жетілдіру мәселелері туралы үкімет сағатында.

Оның айтуынша, заң жобаларының жылдың соңғы айларында немесе сессия аяқталатын кезде ұсынылуы да заң шығару процесінің жеткілікті түрде ұйымдастырылмауы мен жоспарланбауының салдары.

“Мұндай тәжірибе заң жобаларымен жүргізілетін жұмыстың сапасына әсер етпей қоймайды”, — дейді Тоқаев.

Заң шығару жүйесінің негізіне қатысты теңгерімді ұстанымның болмауы – ерекше талқылау мен қарастыруды қажет ететін бөлек тақырып.

“Мәселен, кейбір бағыттар бойынша біз қатаңдату ұстанымдарын басшылыққа алсақ, басқа салаларда босаңдық пен еркіндікке жол береміз. Осылайша, тұтастай Қазақстанның заңдары өзара ішкі қисыннан ажырап, сәйкесінше оның құқықтық бағдары заңға бағыну, заңды құрметтеу, құқық бұзушылықтарды азайту сияқты басты мүдделерден алшақтай түседі.

Оның үстіне, зорлық-зомбылыққа қарсы, есірткі құралдарының айналымы мен мал ұрлығы, адам өліміне әкеп соғатын жол қозғалысы ережелерін сақтамау саласындағы құқық бұзушылықтардың көбеюі оларға салынатын жазаны қатаңдатуды талап етеді.

Осындай сипаттағы қылмыстар қоғам ішінде өткір пікірталастар тудыруда, сондықтан да жеңіл жаза қолдану немесе, тіптен, өзара келісім жолымен (медиация) қылмыстық жауапкершіліктен құтылу жағдайларына азаматтар тарапынан келіспеушілік білдіру – заңды құбылыс. Үкіметтің осы мәселеге айрықша мән беріп, баса назар аударуын сұраймыз”, — деп түйді сөзін сенат төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз