Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау- қазіргі өткір сұрақтардың бірі

137

«Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, құқық қорғау органдарының сапалы қызметі азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін арттыратын және олардың қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететін салмақты фактор болып табылады.

Қылмыстық процестің негіздерін жаңғырту жөніндегі Парламент қабылдаған түзетулер сот-құқықтық реформасының жаңа кезеңге аяқ басуына тың серпін берді деп айтуға толық негіз бар.

Құқық қорғау органдары жүйесіне енгізіліп жатқан техникалық инновациялардың нәтижесінде сот төрелігіндегі жариялылықты жүзеге асыруға айтарлықтай мүмкіндіктер ашылуда.

Жыл басынан бері қылмыстық істерді электрондық түрде жүргізуге кезең-кезеңімен көшу сот төрелігін қашықтықтан жүргізу мүмкіндігін беріп отыр. Нәтижесінде істерді қарау мерзімі жартылай қысқарды», – деді Тоқаев.

Сенат төрағасының айтуынша, сот қызметінің процестік нормаларын жетілдіру және дауларды шешудің балама тәсілдерін енгізу бойынша заң шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

«Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шаралары еліміздің түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандардың санын үш есе азайтуға мүмкіндік берді. 1990 жылдары сотталған 100 мың адам 2018 жылы 35 мыңға дейін азайды.

Аталған оң өзгерістер Заң үстемдігі индексі бойынша Қазақстанның көрсеткішін жақсартуға ықпал етті. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 9 орынға көтеріліп, 113 елдің ішінде 64-ші орынды иеленді. Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау сапасы әлі де заман талаптарына толық жауап бере алмай отыр.

Тұтастай алғанда, бұл халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімінің азаюына алып келеді. Осының негізінде қоғам мен құқық қорғау органдарының арасындағы өзара байланыс пен сенімді қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл міндет туындайды», – деді ол.

Сенат төрағасының мәліметінше, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және қылмыстық сот ісін жүргізудің жазалаушылық (репрессивтілік) сипатының деңгейін төмендету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібіндегі өткір сұрақтардың қатарына жатады.

«Сот шешімдерінің орындалмауы немесе уақтылы орындалмауы әділдіктің үстемдік етуіне кедергі келтіруде. Ол сот билігімен қатар мемлекеттің де беделін төмендетіп, оларға деген сенімді әлсіретіп отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз