Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қаскелеңдегі инфекциялық аурухана жабылмайды – әкімдік

Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасы Қарасай ауданының сырқаттарын ғана емес, сонымен қатар Жамбыл, Іле, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласынан да аурулар қабылдайды. Инфекциялық ауруханада жылына орта есеппен жеті мың адам емделеді (Алматы қаласындағы 180 төсектік инфекциялық ауруханада жылына 8 000 науқас емделеді).

Аурухана қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес салынған, яғни инфекциялық ауруларды бөлектеу үшін жеке оқшауланған палаталар мен жеке шығу есіктері қарастырылған. Бұл инфекциялық аурулардың ауа-тамшылы жолмен таралуына жол бермейді», деп мәлім етті ол.

Оның мәліметінше, аурухана аудан халқы, мен өңірде жұмыс істейтін көрші мемлекеттердің азаматтарына медициналық қызмет көрсетеді.

«Ауруханада тәжірибесі мол, жоғары білікті медицина мамандары жұмыс істейді, аурухана жабылған жағдайда кадрларды жоғалтып аламыз. 345 төсектік стационары бар Қарасай аудандық орталық аурухана аудан халқына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ республикалық және халықаралық трассаларда орын алған жол апаттарынан зардап шегушілерді қабылдайды (Алматы – Астана, Алматы – Бішкек, Алматы – Ташкент және т.б.).

Сонымен қатар аудан аумағында көптеген базарлар бар және оларда облыстың әр түкпірінен, көрші мемлекеттерден келген инфекциялық аурумен ауыру қаупі жоғары бірнеше жүздеген мың адам жұмыс істейді.

Осыған орай бірқатар объективті себептерге байланысты Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасын жауып, оның ауыр инфекциялық ауруларды емдеу фукнкциясын Қарасай аудандық орталық ауруханасына беру мүмкін емес», – деді Ж. Омар.

Оған қоса облыс әкімдігі Қарасай аудандық орталық ауруханасы базасында инфекциялық бөлім ашу шараларын қолға алатын болады. Ол инфекциялық аурулардың ауыр емес түрлерімен ауырған сырқаттарды қабылдай алады.

Сондай-ақ, жуық арада Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінетін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасының жабылатындығы жөнінде Алматы облысындағы іссапары барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз