Астана мектептерінің бірінде оқитын 15 жастағы қыз өзінен алты жас үлкен азаматпен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда жүкті боламын деп ойламаған. Етеккірі бір аптаға кешіккен соң, тест жасатып, өзінің аяғы ауыр екенін білген. Есімін жасырып қалуды өтінген ол “Үшбу хат” парақшасына хат жазған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
https://kaz.365info.kz/14-zhasymda-meni-agam-zorlady-tagy-bir-ajel-shyndygyn-ajtty-video-315120
“Сәлеметсіздер ме. Менің жасым 15-те, 2-3 күн бұрын тест жасадым, жүкті екенім белгілі болды. Не істесем болады? Жігіттің жасы 21-де, колледжде оқиды” – деген оқушы бұл туралы ешкімге жақ ашпағанын айтады.
Айтуынша, отбасында жыныстық қатынас туралы мүлдем сөз қозғалмайды. Сондықтан да ол бұл жайтты анасына айтуға қорқады екен. Ал жігітті хабардар етпеуінің өзіндік себебі мынадай:
“Жауапкершілігі жоқ деп ойлаймын, тастап кетеді деп қорқамын. Маған жігітім бәрі жақсы болады, ештеңеден қорықпа деді. Мен оған сендім”, – дейді қыз.
https://kaz.365info.kz/pajdalanyp-lakhtyra-salady-zheli-kholdanushysy-timati-men-khazakh-khyzyna-khatysty-shyndykhty-ajtty-315296
Бұл орайда астаналық гинеколог пен психолог оқушы қызға көмектесуге уәде беріп, оны анонимді түрде қабылдауына шақырды.