Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Қашықтан оқытуға қатысты былықты тоқтату керек — Әшімбаев

504
Данияр Әшімбаев. Сурет Facebook желісіндегі парақшасынан алынды

Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, «интернеттің сапасы нашар» болуы бас тартуға себеп болды, деп жазды ААО. Ал қазақстандықтар басынан бастап қашықтан білім беруге қатысты күмән келтірген еді.

Қашықтан оқыту жүйесінде ата-аналар мұғалімнің орнына мұғалім болуға мәжбүр — сарапшы

Мәселен, Қазақстанның Жоғары оқы орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры академик Рахман Алшанов елде онлайн оқытуға көшу процессі қажетті деңгейде жүзеге асатынына аса сенім білдіре алмайтынын жеткізген еді. Ақыр аяғы солай болды да.

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау үшін қандай қорытынды шығарып, не істеу керек? Бұл туралы сая саттанушы Данияр Әшімбаев пікір білдірді.

Жақсы министрлікке нашар интернет кедергі бола ма?

– Данияр Рахманұлы, онлайн оқытуға көшу идеясы сәтсіздікке тап болды. 3 сәуір күні Асхат Аймағамбетов Қазақстан  мектеп оқушылары үшін жаппай онлайн-сабақтар өткізуге техникалық тұрғыда дайын емес деп мойындады. Ал әлеуметтік желідегі адамдар бұған интернеттің сапасы кәнәлі емес, білім министрлігінің құзыретінің төмендегі себеп деп жазуда.  Бұған қатысты не айта аласыз?

– Қағаз жүзінде бәрі жақсы. Электронды білім берудің сәтсіздікке ұшырағаны таңғаларлық жағдай емес. Бұдан білім беру және денсаулық сақтау саласындағы басқа да проблемалардың беті ашылды. Біздің кез келген министр реформа жүргізгенді жаны сүйеді. Мәселе сонда. Ол тіпті өзінің алдындағы министрдің реформасымен санаспайды да. Барлығын жаңадан бастайды. Нәтижесінде жүйе реформадан көз ашпай отыр. Олардың мақсатын түсну мүмкін емес.

«Реформа» деген сөзді естіген мұғалімдер мен дәрігерлердің жүрегі айниды.

Онлайн дене шынықтыру сабағы және қашықтан оқытудың басқа да сандырақтары

Бірақ біздің ведомствалар бірнәрсені реформалап, қайтадан жаңартып, жұмыстарын жалғастырап жатыр. Әсіресе Білім министрлігі өз жолынан таяр емес. Мәселен, бізде ЖОО-лардың саны өте көп, оларды азайту керек.  Бірақ қандай критерийді ескеру керегін ешкім дөп басып айта алмайды. ЖОО-ларды бітірушілердің жұмысқа орналасуы бойынша бағалайық деген ұсыныс түсті. Бірақ мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары бар.

Біреулер екінші жоғары білім алу үшін, басқалары жәй диплом үшін оқиды. Сондықтан жұмысқа орналасу критерийі жекеменшік оқу орындарында пайдаға аспайды

Реформалардың нақты мақсаты

– Реформалардың нақты мақсаты  – халықты алдау деген пікір бар…

– Менің ойымша олай емес. Мемлекетке түрлі сала мамандары қажет. Мәселе тек осы бағдарламалардың барлығы неге бағытталғанына байланысты. Бәсекеге қабілетті білім қажет деп айтады. Бірақ бұл термин нені білдіреді?

Егер түлектерді жұмысқа орналастыру деп түсінсек, мемлекеттік тапсырыстың өлшемдерін қайта қарап, қажетті мамандықтар бойынша ғана даярлап, сол мамандардың жағдайын жасау керек

Егер Білім министрлігі білім сапасын және жаңа технологияларды енгізуді, онымен қатар қашықтықтан білім беруді қамтамасыз ете алмаса, осы мәселелерді шешетін мемлекеттік-қоғамдық орган құрайық. Мысалы, білім беру жөніндегі ұлттық кеңес. Өйткені білім берудегі мәселелер өте көп — іргелі ғылымды, ЖОО ғылымды дамыту, ведомстволық оқу орындарында – ІІМ, ҰҚК және т.б. білімді қалай реттеу керек. Олар осы мәртебеде жұмыс істеп, қандай да бір нәтиже көрсетсін.

Оқулықтарға қатысты таусылмайтын әңгіме

— Тағы бір мысал – үш тілділікті шұғыл арада енгізейік. Қайда, неге, қалай? Бізде қазақ бөлімдерінің саны өсуде, бірақ әдебиетпен, сапалы аудармаларға және т.б. қатысты мәселе шешімін тапқан жоқ.  Википедияның қазақ тіліндегі аудармасын жасадық. Бірақ бұл 70-ші жылдардағы Қазақ Кеңестік энциклопедиясы ешқандай жаңартусыз және толықтырусыз сканерленген көшірмесі ғана.

Өз оқулығымызды дұрыстап құрастыра да алмаймыз, жыл сайын осының төңірегінде шу шығады.

Ал мұның бәрін біреу мақұлдайды ғой және ол бірден үлкен тираждармен шығарылады. Бұнда не біліктіліктің жоқтығы, не сыбайлас жемқорлық кінәлі. Немесе екеуі де бар. Оқулықтарды аударып, қайта шығару туралы шешім қабылданды. Бірақ оларды бейімделу мәселесі тағы бар.

Мемлекет мамандардың пікірін ескермей,  миллиардтарды жұмсап, жүйеге қандай да бір технологиялар мен тәжірибелерді енгізгенде, біріншіден,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері артады, екіншіден, ең соңында мүлдем тиімсіз нәтиже алады.

Былықты тоқтататын уақыт келді

–Қашықтан оқытуға қатысты жағдайдың ақыр аяғы не болады?

– Менің ойымша, біз ақыр аяғында әдеттегі жағдайға, яғни ведомсвалық бейберекетсіздікке тап боламыз. Барлығы карантин қалай аяқталатынына байланысты. Ол ертерек аяқталса, соғұрлым жақсы. COVID-19 қаупіне қатысты болжамдар күн өткен сайын күмән тудыруда. Сондықтан мамыр айының басында осы былықты тоқтатып, осы уақытқа дейін қордаланған мәселелердің шешімін табуға көшейік.

– Былық деп нені айтасыз?

– Карантинмен оның маңайындағы дүрбелеңді. Мемлекеттің жедел түрде шара қабылдап, болған жағдайға таз арада жауап қатып отырғаны көрініп тұр.

Бірақ біз барлығының бірдей тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жедел жұмыс атқармай отырғанын да байқадық.

Бұл әкімдіктерге де, министрліктерге де, квазимемлекеттік секторларға да қатысты. Сонымен қатар, қазір тез арада шешілетін мәселелер туындайды. Менің ойымша, білім беру реформалары мен электрондық жүйе жұмысының тиімділігін дұрыс бағалау қаржы полициясы, ҰҚК және прокуратура бригадаларына Білім Министрлігінің басқа бағдарламаларының сапасын бағалау үшін пайдалы болар еді. Пайда болған тесіктерді басқа бір әрекеттермен жапқанмен, бұл уақытша ғана жарайды. Себебі жүйенің өзі дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ.

Ал жүйе қазір тек іркіліс беріп қана қойған жоқ, бұл жағдайда ол минуспен кері бағытта, тиімсіз жұмыс істеуде. Маған мемлекеттік органдар өздерінің қандай да бір әкімшілік билігінің талаптарын өзгертес үшін осындай былықты қолдан жасауда. Ал бұған тоқтау қоятын кез келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз