Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Онлайн дене шынықтыру сабағы және қашықтан оқытудың басқа да сандырақтары

1906
Ирина Смирнова

Карантинге жабылған отбасылар жаңа оқу тоқсаны бастала сала көптеген қиындықтарға тап болды. Кейбір ата-аналар бір уақытта қашықтан жұмыс істеп және балаларын оқытуға мәжбүр. Бір уақытта. Ал тапсырмаларды белгілі бір уақытқа дейін тапсыру керек. Кейбіреулері өздері мектеп бағдарламасын толық түсінбейді… Түсінсе де, түсінбесе де түсіндіру керек. Себебі балалар сол үшін баға алады ғой.

Онлайн отырып-тұрыңдар!

Сандырақ деуге болатын мәселелер де бар. Министрлік дене шынықтыру пәнін де қашықтан оқытуға болады дейді. Енді кейбір

дене шынықтыру пәнінің ұстаздары балаларды камера алдында отырып-тұруға мәжбүрлеп жатыр

Басқалары физикалық жаттығуларды спорт тақырыбында жазылған рефераттарға ауыстырды. Үшіншілері видеотапсырмалар беріп, оның орындағаныңның дәлелі ретінде видео жолдауды талап етеді.

Осындай режимде бір апта өтті. Адамның шексіз қиялына құрылған білім беру процессінің ақыр аяғы не болары белгісіз. Бұны қазірден бастап шешу керек.

Мәжіліс депутаты Ирины Смирнованың балалары ересек жаста, бірақ мектепте оқиытын немересі бар.  Сол себепті де оның қазақстандық отбасылардағы қиындықты жеңілдетуге қатысты шенеуніктерге берер кеңесі бар.

Шектен шығу

— Ирина Владимировна, ата-аналардың психологиялық жағдайы күн өткен сайын шиеленісіп бара жатыр. Оқу жылы аяқталған соң барлығына психологиялық көмек қажет болатын шығар. Не істеу керек?

— Иә, керек болуы мүмкін. Бұл барлығы үшін жаңа, күтпеген жағдай болды, оған ешкім дайын емес еді.  Әрине, барлығы сын айтып, наразылығын білдіруге құқылы  себебі балалар мен ата-аналар қазір күйзеліске ұшырауда.

Алайда

Мұғалім оқушыны көріп, оған көмектесе алуы үшін бастапқыда онлайн-оқытуды енгізбек болған. Біроқ ол қол жетпес дүние екені белгілі болды

Ол  біздің мемлекетте ғана емес, басқа мемлекеттерде осылай болды.

Менің ойымша, дене шынықтыру пәнінің ұстазы үшін бейнеролик түсіру тым артық нәрсе. Бұнда ата-аналардың айтып отырған арыз-шағымдарының жөні бар: Кім қайда және қашан түсіреді, оған қалай уақыт табады. Олардың да өз жұмыстары бар емес пе? Бұл балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да үлкен ауыртпалық туғызады.

Балаларға дене шынықтыру мен жаттығулар туралы еске салып отырған дұрыс бірақ, ұстазға видеодәлел жіберу — сандырақ.

Білім министрлігі жақсылап ойланып, бұл мәселенің шешімін табуы керек.

Алматыдағы мектептердің біріндегі дене шынықтыру сабағы

— Қашықтан оқытудың алғашқы аптасы аяқталуға жақын. Кейбір қорытындыны шығаруға болады деп есептеймін. Ата-аналар мен балалардан келген шағымдар мен өтініштер өте көп. Көбінесе адамдардың жүйке жүйесіне күш түскен.

Барлық ата-ана мұғалім, ал оқушылар өздерінің ата-анасының шәкірті болды

Олар үнемі бір-бірінің көз алдында. Сонымен қатар ата-ана басқа балаларының да оқу үлгерімін бақылап отыруы керек. Отбасында анау жақсы оқиды, сен неге нашар оқисың деген проблемалар басталады.

Балалар өздерін кінәлі сезінсе, ата-аналар жағдайды түсінбей дал болады

Ата-ана мен балалар бір-бірін жаңа қырынан тануда.

Ата-аналарға кім ақы төлейді?

— Ата-аналар балаларының сабағы мен қашықтан атқаратын жұмысын қалай үйлестіреді. Жұмысын 100% орындай алмай жатқан, амалсыз мұғалім болғандарға мемлекет ақылы еңбек демалысын берсін немесе мұғалімдердің жалақысының бір бөлігін төлеп беруі керек шығар?

— Сә, қазіргі кезде бастауыш сыныпта оқиытын балалары бар ата-аналарға өте қиын. Үлкендер оқу процесі үшін өздеріне жауапкершілік алуы керек болып отыр.

Бір қарағанда мұғалімдердің жүктемесі азайған секілді болып көрінгенмен, шындығында олай емес. Олар үнемі балалармен байланысқа шығады.

Олар әрбір оқушы жіберген тапсырманы тексеріп, келесі сабақтарының жоспарын жасайды. Бұрын мектепте жасағандарын, енді үйде орындайды. Сіз мұғалім мен ата-ананың жауапкершілігінің арасына белгілі бір шек қойғыңыз келе ме? Бұл да бір орны бар ұсыныс. Бұндай ұсыныстардың барлығын министрліктің назарына жеткізу керек. Мүмкін ескеретін де шығар.

— Әсіресе мектеп бітірушілерге қандай баға қойылады? Оларға жаңа тақырып өтіп жатқан жоқ және ҰБТ жайына қалды?

— Негізінде ол үшін жаңа тақырыпқа қатысты көрсетілген бейне роликтерді интернетке жариялап отыратын жеке телеарна қажет. Онда ҰБТ мен бітіруші емтихандарына дайындыққа қатысты видеолар үздіксіз берілуі керек болатын.

Министрлік баяғыдан бері шара қабылдап, бітірушілер сапалы контент арқылы емтихан тапсыруға қашықтан дайындала алатындай жағдай жасауы керек еді

— Ресей БМЕ-ден бас тартпақшы. Мүмкін біздің де ҰБТ-дан бас тарту немесе кейінге қалдыру туралы ойланғанымыз дұрыс шығар? 

— Мен барлығын ұзақ мерзімге, мәселен, жаздың соңына қалдырар едім. Бірақ карантиннің қашан аяқталатынын және ары қарай не болатынын білмейміз.

ҰБТ кейінге қалдыру немесе мүлдем болдырмау  — маңызды мәселе. Барлығы қазір қорқыныш жағдайында жүр, бұл әйтеуір бір сыртқа шығады

Бүгінде білім алу және емтихан тапсыру әдістері мүлдем өзгерді. Барлығын министрлік шешеді. Олар тез арада барлығын ойластырып,  балалардың пайдасына шешім қабылдау керек. Егер біздің денсаулығымызды ойлап жатқан болса, ары қарай күйзеліп, уайымға салынып бар денсаулықты құртып алмауымызды да ойласын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз