Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қаржыгер доллардың өсуі мен Сұлтановтың әкім болуы арасында қандай байланыс барын айтты

Халықтың ақшасын сұрамай бұлай алуға бола ма? Үкіметте мұндай құқық бар ма? Бұл туралы біз қаржыгер ғалымнан сұрап көрдік.

– Ұлттық қордан бюджеттің шығынын жабу үшін Үкімет жылда ақша алады. Бұл бірінші рет емес. Министр әлеуметтік шығындарды жабуға деп айтты ғой. Онда онысы дұрыс. Банктерді оңалту үшін, тағысын тағы деп түрлі себептермен алып жатыр емес пе? Ал қарапайым халыққа беретін ақша жетпей жатса, алсын оған да.

Негізі, бұл арада Ұлттық қорда тұрған бастапқы сомаға тиіспейді Үкімет. Доллар қымбаттады емес пе? Сол кезде мұндағы ақша да еселенді. Енді сол көбейткен ақшаны бюджетке жұмсағалы жатыр.

Яғни, Ұлттық қордағы теңгемен есептелген инвестициялық табыс көбейді. Енді оны атаулы трансферт түрінде бюджетке аударып алады. 2015 жылы да сөйткен бұлар.

https://kaz.365info.kz/biz-bittik-tanymal-kharzhyger-khazakhstandy-ne-kytip-tyrganyn-ashykh-ajtty-foto-327605

Ол кезде қаржылық дағдарыс болған. Ақша тапшы кез. Содан ақшаны осылай жасап алды. Енді, міне, екінші рет осындай шалт қимылға барып отыр. Бұл жолы неге дейсіздер ме?..

Ана Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана әкімі боп бекер барған жоқ. Ол араға есеп білетін адам керек болды.

Білесіздер, Астананың түрі қандай екенін. Көктемде суға толып кетеді, бір елдің ордасы болса да газ жоқ, көмір жағады. Бұл өте ұят нәрсе. Алдыңғы әкімдер қолынан келгенін жасады, бірақ ақшаның жайын білмеген соң кешенді шараларға бас қойып кете алмады. Ал Бақыт Сұлтанов қай ақшаның қай жақтан, қай бағдарлама арқылы қалай ақша тартылады – бәрін біледі.

Ақша саясатындағы реконвертацияға да оның қатысы бар. Енді ол әкім болды.

https://kaz.365info.kz/tojmajdy-ekensinder-deputattar-shikizat-ondirushi-kompaniyalar-men-bankterge-shyjlikti-331609

Қолда ақшасы бар. Астананы газдандыруға ол енді бел шеше кіріседі. Одан соң түрлі халықаралық шаралар бар, көбісі Астанада өтеді. Оның да бәрі ақша. Соның бәрінің есебін түзу оңай шаруа емес, – дейді қаржыгер Ілияс Исаев.

Айта кетелік, бүгіндері қор биржасында 1 АҚШ долларының құны 380 теңгеге бағалануда. Бір ай ішінде АҚШ доллары күрт өсіп, 330-дан 380 теңгеге бір-ақ жетті. Ұлттық банк мұны сыртқы факторлармен байланыстырды. Әсіресе, АҚШ-тың Ресейге салған кезекті санкциясының күшеюімен.

https://kaz.365info.kz/olar-ash-dosym-satpaev-biliktegi-auys-tyjistin-ylken-ziyanyn-ajtty-331652

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз