Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қаратабан қазаққа қыз бермейміз! – Қожалар қазақ баласы Айбарға қызын бермей қойған

486

Назерке екеуіміздің арамызда жасырын сыр жоқ. Кейде ол менің үйіме, кейде мен оның үйіне қонып жүре береміз. Туыстан да жақын едік.

Содан қойшы, Назерке он бірінші сынып оқып жүргенде сыныптас Айбар деген баламен махаббат құрды. Екеуі бірін-бірі керемет сүйуші еді. Мектепті бітірген кезде Назеркенің Астанаға мен Алматыдағы жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндігі болып тұрса да, Айбар қарыс қадам жердегі Түркістан қаласына барып қазақ-түрік университетіне оқимын деген соң, ол да сол универге құжат тапсырған.

Содан үшінші курста жүргенде екеуі үйленуге бел буды. Бірақ Назерке

«әке-шешем сен Қожаның қызысың. Тек Қожаға ғана тұрмысқа береміз. Жай қазақтың жаман баласына бармайсың деп отыр. Сондықтан құда түсіп келмей-ақ, сен мені алып қашып кеткен бол. Сенің табалдырығыңды аттап қойған соң, әке-шешем бір тулап қояр. Сосын бәріне көнер», деген.

Өйткені Айбар Қожа емес, ауылдағы көп қоңыраттың бірі еді. «Назеркенің айтқаны дұрыс болар» деп ойладық. Сонымен белгіленген күні Айбар Назеркені өтірік алып-қашқан болды.
https://kaz.365info.kz/yuzhandar-alyp-khashkhysh-semejlik-kelinshek-ontystiktin-dastyrin-synap-tastady-325812
Бар дау содан басталды. Аяққа жығыла келген Айбардың жақындарын Назеркенің әке-шешесі боқтап қуып шығып, онымен қоймай ағаларымен бір топ туыстары, яғни Қожалар қуып келіп, Айбардың үйінің шаңырағын ортасына түсіре жаздап, Назеркені кері алып кеткен.

Назеркенің жанында мен бар едім. Ол «кетпеймін» деп жылап жүр. Үлкен ағасы айқайлап:

«сен ақсүйек Қожаның қызысың. Қаратабан қазаққа байға шығатындай басыңа не күн туды? Ауқатты Қожаның бір баласына береміз, көп сөзді қой»,

деп күштеп Назеркені машинаға тығып алып жөнелді.

Ұлардай шулап Айбардың әке-шешесі, туғандары қалды.

Айбар болса Назеркенің ағаларына барып, «Ескінің қалдықтарын теріп қайтесіңдер. Заман өзгерді. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Әркім өзінің сүйгенімен болуы керек. Қожа болып, қазақ болып несіне бөлінеміз. Ақылға келіңдер», деп шыр-пыр болғанымен, оның сөзін тыңдаған Қожалар болмады.

«Біздікі дұрыс. Оттама!» десіп қызды алып қайқайып тұрды.

Осы оқиғаның ортасында жүрген мен біртүрлі болдым.
https://kaz.365info.kz/sozakhtagy-symdykh-kyjeui-olimshi-etip-sabagan-19-zhastagy-zhansaya-zhogalyp-ketti-325009
Рас, бұрындары да «Қожамыз» деп көкірек қағып жүргендер балалары басқа рудан қыз алғанда, не қыздары өзге рудың жігіттеріне тұрмысқа шыққанда ара-тұра айқай-шу туып тұратын. Бірақ көп емес. Сирек еді. Ал Назеркенің әке-шешесі, жалпы туғандары дәл осындай ойран салады деп ойламаппын. Қыздарының бағын неге байлағандарын түсінбедім.

«Айбарға қосыламын. Қосылмасам, өзіме қол саламын» деген Назерке бір айдай үйінен шықпай жатып алған. Содан қорықты ма, әке-шешесі мен ағалары универден шығарып алып, Шымқаладағы бір ақшалы компанияға апарып жұмысқа орналастырып қойды.

Мұның арты немен тынады? Білмеймін.

Айтқым келгені — өркениеттің көшіне ілескен елміз. Солай бола тұрса да әлі де осындай ескінің қалдығы қылаң беріп қалады. Бұл дұрыс па?

Қожа не, қазақ не бәрібір емес пе?!

Неге қол ұстасып, мәңгі бірге боламыз дегендерге баяғының салтын айтып қарсы тұрамыз?

Бұл өркендеу емес, кері кету емес пе, ағайын?! Мұндай ескінің сарқыншақтарынан ада болатын кез келген жоқ па?

Айдана, фото: көрнекі сурет
https://kaz.365info.kz/yjlengim-keledi-birakh-khozha-degen-auym-boget-255071

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз