Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарапайым қазақстандықтар туралы әлеуметтік ролик шықты (видео)

144

Жас өнертапқыш Санжар Пернебаев қоқыс жәшіктерінің жүктелу дәрежесін қадағалайтын жүйені ойлап тапқан. Қазір ол ғаламдық жаңалық ашуды армандайды. «Болашақта бүкіл әлемге пайдалы болатын жоба ойлап тапқым келеді. Мен қоғамның дамуына өз үлесімді қосқым келеді және бұның қолымнан келетіндігіне сенемін», – деп өз ойын айтты Санжар.

Бос уақытының барлығын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуге арнаған – Андрей Пархоменко – волонтерлікті әлемге деген жаңа көз қарас деп бағалайды. «Ардагерлерге келіп жай ғана әңгімелесудің өзі олар үшін өте қымбат. Кейде ардагерлерге келіп, азық-түлік әкелген кезде олар бізден: «Ал бүгін қандай мереке?», – деп сұрайды. Сол кезде бізге ешқандай мерекенің жоқ екенін түсіндіру өте қиын», – дейді.

Айнұр Нұрхожаева – Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуді өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған дәрігер. Айнұрдың айтуынша, баланың ең бірінші рет диагнозын естіген кезде, ата-ананың қасында ең жақын жанашыр адамы болу керек. «Мен әрдайым балаларға көмектесуге тырысамын және осы бағытта мүмкіндіктер мен даму жолдарын іздестіремін», – дейді дәрігер.

Бейнероликтегі кейіпкерлер өз ісін сүйетін және таңдаған бағытында нық жүретін шынайы қалпында көрсетілген. Әр оқиғаның артында көмек пен қолдау алған мыңдаған тағдырдың көрінісі бар. Ол мұғалім мен оқушы, дәрігер мен ата-ана, және біздің қымбатты ардагерлеріміз.

Қорытындылай келгенде бұл кейіпкерлердің мінезін ашатын, олардың мақсатын көрсететін деректі фильм. Олар әртүрлі болғанымен, барлығын қоғам мен елге пайдалы болу ниеті ортақтастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз