Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қарақалпақ жақтан бір миллион адам келіпті…”. Алматыда босқындар жайы сөз болды

300

Ол «Алтайдан ауған ел» кітабында суреттелетін ХХ ғасырдың басында қазақ халқының басына төнген нәубеттің кесірінен Қытай үкіметінің қысымына шыдамай, Тибет, Гималай тауларынан асып, Үндістан, Пәкістан арқылы Түркия мемлекетінен пана тапқан екі мыңға жуық қазақтың бірі. Жуырда журналист Райхан Рахым осы Мүфтихан атаның басынан кешкені туралы деректі фильм түсіріп, халыққа ұсынбақшы. Айтпақшы, Мүфтихан ата аты аталған тарихи кітаптың авторы Халифа Алтайдың Түркиядағы көршісі болған екен.

Мүфтихан атаның жеті баласы: төрт ұлы, үш қызы бар. Үш қызы тұрмыста болғандықтан Түркияда қалған. Төрт ұлын өзімен бірге атамекенге көшіріп әкелген.

«Балаларыңыз Түркияға кеткісі келмей ме?» деген сауалға ата: «Жоға, оларға Қазақстан ұнайды. Туған жерден артық жер жоқ дейді қазір. Әбден сіңісіп кетті. Біз келгелі 18 жылдан асты ғой», деп жауап қатты.

«Түркияда қандай кәсіппен шұғылдандыңыз?» деген сауалға ата:

«Саудагер болдық. Түркияда сауда жасау ыңғайлы жолға қойылған. Қазақстанда сауда жасау қиын болды» дейді. Қазақстанға келіп қиналған оралмандардың басқы легі түркиялық қазақтар болды. Себебі, өзге өңірлерден келген (Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қарақалпақстан) қазақтардың бәрі малмен күн көріп келгендіктен Қазақстанға жеңіл сіңісіп кетіп жатты. Ал, Түркиядан келгендер саны аз. Келем деп жете алмай отырғандар көп. Бәрінің қолын тұрмыстық жағдай байлап отыр», деді.

Мүфтихан ақсақал атажұртқа бағыт алған Ұлы көштің басында келіп алғанына қуанады. Ол кездегі мемлекет тарапынан болған қолдаудың мығым болғанын сөз етті.

«Біздердің жолақымызды төлеп, ұшақпен алып келді. Келген соң жер бөлді, ескі болса да тұратын үй берді. Қалаған жерімізге тұратын мүмкіндік берді. Бес жүз мыңнан ақша ұстатты. Біз дер кезінде келіп алған екенбіз», дейді ата.

Келесі кейіпкер Сириядан босып келген Жәлел Ахмет аб-Абдулла азаматтық ала алмай жүргенін тілге тиек етті.

«Біздің, мысалы менің, Мүфтихан атаның босқын болғанымыз үшін жауапкершілікті кім алады? Бұндай қиындықты ешкімге тілемеймін. Біз өз қалауымызбен елімізден кетпедік. Мәжбүр болдық. Кезінде Сирия бейбіт ел боп тұрған кезінде талай рет Пәкістан, Ауғанстан босқындарына есігін айқара ашқан. Олардың жағдайын жасап, күнкөріспен қамтыды. Бірақ сол тыныш заманда біздер өзіміз де босқын боламыз деп ойламаппыз».

Қазіргі таңда әйелі қазақ болғандықтан, Қазақстанда тұрып жатқан сириялық жігіт ағасы бес баласын асырау үшін түнгі жұмысқа шығатынын айтты. Себебі, Қазақстанның менталитеті басқа дейді.

«Қандай да бір құжатқа қол жеткізу үшін таныс табу керек екен», – дегенді ортаға салды.

Түсініксіз тәртіптердің көптігі, адамға адам деп қарамау белең алғандығын баса айтты.

Өзбекстаннан келген Дина Бөлешова Арал аумағына қатысты әр елдің экологиялық қиындық салдарынан көп жұрттың көшуге мәжбүр болғандығын айтты. Экологиялық миграция деген ұғымның өзі заңда қарастырылмағанына қынжылды.

Қарақалпақстаннан қазір кем дегенде бір миллонға жуық қазақтар келіп, Қазақстанды мекендеп жатқанын хабарлады. Солардың көшіп-қону мәселелерімен тікелей айналысқаны, қай жақтан келсе де оралмандар арасында ақсақалдар алқасын құрып, келгендерді туыстарынан ажыратпай, топтап бір жерге қоныстандырып отырғанын әңгімеледі. «Осылай қоныстандыру сырттан келген ел үшін жайлы қадам болды, әрі елге, елдегі ахуалға бой үйретуге оңай тиді» дейді Дина Бөлешова.

Бұдан бөлек қазіргі таңда көші-қонға қатысты көптеген мәселелер айтылды. Келем деген елге Қазақстан тарапы әзір еместігі, оларды орналастыру мәселесі әлі де оңтайлы шешімін табу қажеттілігіне баса назар аударылды. Жиналатын құжаттың көптігі, бюрократияның кесірінен адам тағдыры ойыншық боп кетіп жатқаны туралы сөз етілді.

Шараға жиналғандар айтып отырған мәселелер көші-қонның құзырлы органдарына жетсе екен деп тіледі. Шараға көптеген ғалымдар келді, олардың әрбірі көші-қон мәселелерін зерттеп, олардың пайдалы-пайдасыз жақтарын іріктеп, үлкен жобаға арқау етпек.

Оралмандар мәселесі де ғылыми зерттеудің соны соқпағына айналмақ. Шараға қатысып отырған аталмыш жоғарғы орын студенттері кейіпкерлерге өз сұрақтарын қойып, қазіргі таңдағы кедергілерді қалай шешу керек деген сауалдарға өздігінше жауап іздемек болып тарқасты.

Шынар Әбілдә

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз