Қарағандылық теміржолшы әйелін әріптесімен бірге көңіл қосқандығын телефондағы жазбалары арқылы біліп алған.
Жұбайының телефонына сақтаған нөмерлерін көріп, теміржолшы отбасылық отырыста бірде-бір рет аты аталмаған бір әйелдің есімін көреді. Кім екендігін білмекке қоңырау шалғаны сол еді, телефон экранында әріптесінің суреті атып шығады.
Ызаға булыққан жігіт әріптесі мен әйелінің романтикалық хаттарын көргеннен соң тіпті жынданып кете жаздайды. Содан соң, ол көзіне шөп салған әйеліне қол жұмсап, әріптесінің жүрек тұсына пышақ ұрып кетеді. Абырой болғанда, әріптесі тірі қалады. Ал қызғаншақ жігіт осылайша сегіз жыл бас бостандығынан айырылды.