Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
502
-5.12
EUR
521
-2.32
RUB
5.33
+0.05

Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды

105

Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды. Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі “5 нөмір + бонустық шар” ұтыс комбинациясына сәйкес келген.

Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.

«Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ» – деді бақытты жан.

30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады. Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз