Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қарағандыда сұр ту ілініп тұрған балабақша директоры қатаң сөгіс алды

Еске салайық, Қарағандыда желтоқсан айында ашылған «Шаңырақ» балабақшасының үстінде көк емес сұр түсті ту ілініп тұрған. Бейне жазбаның авторының айтуынша, видео жарияланғаннан бір күн бұрын түсірілген.

«Видео алдын күні кешкілік түсірілген. Ал, енді кеше жұмыстан қайтып келе жатқанда тудың алынып тасталғандығын көрдім, тек бос тутұғыр ғана тұр. Видео инстаграмға жарияланғаннан кейін ту алынып тасталған болуы мүмкін», – дейді Жасұлан Қайдарұлы.

Қарағанды қалалық білім бөлімі аталған мәселеге байланысты шара қолданғандығын айтады.

«ҚР Мемлекеттік рәмізін балабақшаның қолдануы туралы жарияланған бейнежазбаға байланысты «Шаңырақ» балабақшасының диркторынан түсініктеме алдық. Директорға қатысты тәртіптік жаза қолдандық», – дейді Қарағанды қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Раиса Кеңесова.

Білім бөлімі басшылығының айтуынша, тудың сұр түске айналуына бейнежазбаны автордың кешкілік мезгілде және де төменнен жоғары қарай түсіруі де әсер етуі мүмкін.

«Туды көлеңке жақтан түсірген. Күн сәулесі түскен жалаудың басқа түске енуіне осы себеп болуы мүмкін. Дегенменде, біз кінәмізді мойнымызға аламыз. Сондықтанда балабақша директорына қатаң сөгіс беру жайында шешім шығардық», – дейді Раиса Кенешова.

Бүгінгі таңда балабақша шатырында ілінген ту алынып тасталған. Болашақта мемлекеттік рәмізді балабақша кіреберісінің үстіне орнату қарастырылып жатыр. Себебі шатырдың үстінде орнатылған ту ауа-райының қолайсыздығына байланысты тез қолданыстан шығады. Жел мен күннің әсері ту түсінің осылайша өзгеруіне әкелген.

Жібек Мұқашева

Фото: Baq.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз