Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қарағандыда науқастар дәрігерге жұдырық ала жүгірді

112

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Немен ауыратыныңызды айту қиын ба дедім. Ол айқайға салып, мені мойнымнам ұстап итеріп жіберді. Артқа қарай құлап түстім”, – дейді кардиолог дәрігер Майра Есентаева.

Дәрігер полицияға хабарласты. Ал, науқастың жауабы басқа. Әйелінің айтуынша, жолдасы былтыр инсульт алған. Кардиолог үшінші қабатта қабылдайды. ЭКГ-ны бірінші қабатта жасайды. Жаяу көтерілу оған ауыр. Дәрігерден төмен түсуін сұрадық.

“Дәрігер неліктен кардиограммасыз келіп тұрсың? Баласың ба? Қанша жыл ауырып жүріп, не керек екенін білмейсің бе? деп нұсқаулықты бетіне лақтырып жіберді”, – дейді әйелі.

Күні кеше тағы бір науқас ашуға берілген. Дәрігердің айтуынша, науқас тексеруден өтпей қайтып кеткен. Қабылдау аяқталғанде келіп, тексеруін талап еткен.

“Гиппократ антында дәрігерлер адамды өлтірмеуі керек деп айтылмаған. Бұл біздің қолымызда емес. Өкінішке қарай адамдар көз жұмып жатады”, – дейді медициналық фирманың бас директоры Надежда Хохлова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз