Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-18
USD
462
-0.28
EUR
500
-2.33
RUB
5.03
-0.07

Қарағандыда мұзға ұшып түскен 10 айлық сәби мерт болды

Қайғылы жағдай Қарағандыда Октябрь ауданында орын алған. Келіншек оқушы қызын он айлық інісімен серуендеуге жібереді. Тайғанақ жолда келе жатқан қыз құлап қалып, баланы қолынан түсіріп алады. Нәресте басынан ауыр жарақат алады. Қыз талып қалған баланы үйіне алып келген. Бірден жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалынады.

«Бала төртінші дәрежелі комаға түсті. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Миы ісіп, асқазан ішіне қан кеткен», – деді клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесіндегілер.

Аудандық прокуратурада нәрестенің қаза болуына байланысты тексеру жүргізетінін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз