Қарағандыда өздеріне интим ұсынған жігітті соққыға жыққандар сотталды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Іс материалы бойынша, былтыр 22-шілдеде Қарағандыға келген ауыл тұрғыны мен 30 жастағы ер адам арасында жанжал туған. Ауыл тұрғыны көшеде танысқан жігітке интим байланысқа түсуді ұсынған. Бұған ашуланған 30 жастағы ер адам қасындағы досымен бірге ауыл тұрғынын пышақтаған. Оқиға орнына дер кезінде келген дәрігерлер оны аман алып қалған.
Дегенмен сотталушылар “Қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдана отырып, алдын ала сөз байласқан бір топ адаммен қарақшылық жасау” бойынша айыпты деп танылып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да айыптарын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді.