Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қарағандыда кезекке таласқан келіншектердің бірі талып қалды

Таңертеңнен кезекте тұрып, ағзасы сыр беріп талып құлаған әйелді жедел жәрдем алып кетті. Бұл осында сарғайып тұрғандардың ашуын туғызды. Айтуыларынша, мүгедек балаларына оқу -тәрбие және емдік орындарға жолдама алу жыл өткен сайын қиындап барады. Бұны орталық мамандары да жасырмайды. Бұрнағы жылдары ел бұл мекеме қызметіне онлайн түрде жазылып жүріпті. Кезегі жеткенде келіп тұрған. Қазір талап өзгеріп, ата-ана өздері келетін болыпты. Осыдан кейін ұзын-сонар кезектегі жұртқа азғантай маман қызмет көрсетіп үлгере алмайды екен.

“Қазір бір емес, үш орталықтың жұмысын атқарып жатырмыз деуге болады. Бұл оңай емес. Мемлекеттік мекеме болған соң бізге елді қадылдап, қарап шығуға арналған ыңғайлы ғимарат керек. Мамандар да жетіспейді. Әсіресе, невропатолог пен психиатрлар тапшы”,-дейді Қарағанды облыстық психолого-медико-педагогикалық консультациясының директоры Жанар Ержолова.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз