Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қарағандыда ішіп алып, көлік жүргізген ауыл әкімі жазаланды

Шенеунік Мейірхан Мәкенбаев ішімдік ішіп алып өзінің қызметтік «Нива» көлігінің руліне отырған. Оны жол полициясы Ақтоғай ауданындағы Жалаңаш ауылының жанында тоқтатады. Тәртіп бұзушылық жағдайының қалай болғанын әдеп жөніндегі кеңес отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Дәурен Оразбаев айтып берді.

Оның сөзінше, шенеунікте жүргізу куәлігі де болмаған, арнайы сараптама оның ішкенін көрсеткен.

«Кежек ауылдық округінің әкіміне қатысты материал Әдеп кеңесінің қарауына жіберілді», – деді Дәурен Оразбаев.

Әдеп кеңесінің мүшелері әріптестерінің бұл әрекетін айпытады. Кеңес төрағасы Жандос Сәрсенов кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, ауыл әкімін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз