Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қарағандыда бос пәтер өртеніп, бір отбасы көз жұмды

Алайда үшінші қабатта тұратын тұрғындар – ерлі-зайыптылар мен бойжеткен қызы қаза болды. Олар оянбай, сол күйі тұншығып қалған секілді.

Үй тұрғындары болған оқиғаға наразы. Өйткені өртенген пәтердің тұрақты тұрғындары болмаған, ол баспана тәулікке жалға беріліп келген.

Адамдар полициядан кінәлілерді тауып, жазаға тартуды талап етіп отыр, өйткені өрт сөндіру кезінде пәтерден ешкім табылмаған.

“Екі зардап шегуші – 40 жастағы әйел мен оның 14 жастағы баласы – қазір ауруханада ауыр хәлде жатыр. Олар тұншықтырғыш газға уланып қалған. Әйел комада, бала есін жиды, өзі тыныс алып жатыр. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр”, — деп атап өтті Қарағанда облыс денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД және ІІД тергеушілері жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаның боламын қарастыруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз