Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Қарағандыда бес жасар қызына пышақ сілтеген өгей емес, туған әкесі болып шықты

Бұл оқиға бес күн бұрын орын алыпты. Алдында хабарланғандай, қызды пышақтаған өгей емес, туған әкесі екен. Ал бұл отбасы Ресейдікі болып шықты. Әке мен қызы жазда Қарағандыға туысқандарының үйіне қонаққа келіпті.

“Әкесі екеуі осында жүрді, мен Ресейде, үйде қалдым. Олар мұнда жыл сайын қонаққа келеді. Болған жайтты ести сала келдім.

Ол қызымның туған әкесі, өгей деген өтірік. Некедеміз, ажыраспағанбыз. Қазір күйеуім ауруханада емес, тергеу абақтысында.

Көрісуге рұқсат бермеді. Ненің қалай болғанын да білмеймін.

Ол қызының қасында менен көп болады, қызына көп уақыт бөлетін. Мен үнемі жұмыстамын, ол қызымен үйде болатын. Ешқашан қаталдық танытқан емес.

Қызымның да айтып отырғаны бір жерден шықпай жатыр. Біресе былай, біресе олай.

Одан анықтап ештеңе сұрамадым. Қазір оған психолог көмектесіп жатыр”, – дейді қыздың анасы.

Полицейлер әйелге күйеуінің қызды пышақтағанын мойындағанын айтады. Алайда ол бұл сөзге сене алмай отыр және еш қиюластыра алмайды. Мұның алдында ер адам бес жастағы қызын пышақтап, өзіне қол салмақ болғаны хабарланған. Қыз да, әкесі де ауруханаға жеткізілген. Бұл дерек бойынша “Адам өлтіруге оқталу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз