Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандыда автобус жүргізушісі қалта ұрысын құрықтады

Диана автобус жүргізушісі Арман Жақсыбековқа келіп оқиғасын айтып берген. Ер адам көп ойланбай, автобусты тоқтатып, қыздың телефонын қайтарып беруін сұраған.

“Ешкім сыр білдірмеді, осыдан кейін мен кондуктор Ақниетпен ақылдасып, автобусты кері бұрып полиция бөлімшесіне қарай жүрдім. Жолаушылардың көпшілігі наразы болып, автобустың бекітілген бағытына түсіуімді сұрады. Бірақ бұл мені тоқтатпады, себебі кез келген адамның басынан осындай жағдай болуы мүмкін еді”, – дейді Арман.

Полиция бөлімшесіне кіре бергенімізде, Дианаға бір жас жігіт келіп телефонын қайтарып берді. Ұрыны құқық қорғау органдарының қолына тапсырдық. Жәбірленуші арыз жазды. Ұрының тағдыры қазір шешіліп жатыр.

Арман Жақсыбеков 15 жыл бойын автобус жүргізіп келеді. Осы жылдардың ішінде ол өзін жақсы жағынан көрсете білген. Өткен жылы Арман жары Мақпал екеуі қоғамдық көлік жүргізушілері арасында “Жол жүру бағытындағы ең мықтылар” атағын жеңіп алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз