Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандыда 19 жылға сотталған полиция қызметкері өзін жындыханаға жіберуді сұраған

Марқұм көліктің әр жерін көрсетіп жүргенде, сержант қызметтік тапаншасымен әлгінің басына оқ атыпты. Өлі денені айдалаға лақтырып тастап, марқұмның көлігімен патрульдік полктегі жұмысына қайта оралған.

Қолға түскенде кінәсін толық мойындағандықтан, сот процесі де жылдам жүрді. Бірақ қорғаушысы оның ақыл есінде ауытқуы бар дегенді алға тартып, экс полицейді психиатриялық ауруханаға жатқызуды сұраған. Өйткені тергеу абақтысында өзін жайсыз сезініп, сандырақтай берепті-мыс.

Алайда, полиция қатарында қысылмай ақ жүрген Қалдыбаевтың ағзасында ақау бар дегенге алқа билері сенген жоқ.

“Қалдыбаевты адам өлтіру, қаруды заңсыз пайдалану және ұрлық бабы бойынша алқа билері оны кінәлі деп тапты. Сот шешімі заңдық күшіне енген жоқ. Сондықтан ол апелляциялық арыз беруге хұқылы”,дейді Гүлбаршын Жітікова Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз