Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандыда 11 жасар баланы ұрып-соққан бұзақылар жазасыз қалды

Ал содан кейін 11 жастағы Әлмир Мұхитдинов «не болғанын білмеймін», дейді.

Өйткені бейнежазбаға түсіп қалған мына құрдастары жеткіншекті жабыла тепкілеп, есінен тандырып тастаған көрінеді. Сөзінше, жасөспірімдер әуелі Әлмир мен оның жолдасына бір күн бұрын тиіскен екен. Осымен тоқтамаған мектеп оқушылары бір күннен кейін жұдырық ала жүгірген.

«Алғашында бізге бөтелке лақтырған. Сосын біз олармен сөзге келіп қалдық. Мені жеті бала ұрды. Басымнан, бетімнен, бүйрегімнен тепкіледі», – дейді Әлмир Мұхитденов.

Ессіз күйде жатқан баланы үйіне сол маңда жүрген адамдар жеткізеді. Жеткіншек екі апта бойы ауруханада жатып шыққан. Дегенмен анасы ұлының «денсаулығы толықтай түзелген жоқ» дейді. Әсіресе, басы қатты ауырады екен. Бірақ әйелдің жүрегіне бұзақылардың әлі күнге бостандықта жүргені батады. Тәртіп сақшыларының қол қусырып отырғанына қапалы әйел жеткіншектер ұлымды келесі жолы өлтіріп тастайды деп қорқады.

«Біз арыз жаздық. Қабылдады, бірақ сәл кейінірек істің жабылатынын естідім. Сонда бұзақылар осылай бостандықта тайрандап жүре ме? Ал менің ұлымды кім қорғайды?! Өлтіріп кетсе қайтем?» – дейді Әлмирдің анасы Гүлнәр Мұхитденова.

Дегенмен полиция қызметкерлері істің жабылғанын ресми мәлімдеді. Себебі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жауапкершілікке тарта алмаймыз деп отыр.

«Тергеу барысында екі жақ та анықталды. Бірақ жеткіншектер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жаста болмаған соң, ҚР қылмыстық істі жүргізу кодексінің 35 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – дейді Қарағанды облыстық ІІД  МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.

Гүлнәр Мұхитдинова бұзақылардың үстінен прокуратураға шағым түсірді. Дегенмен құзырлы органнан әлі жауап келген жоқ дейді. Ал құрдастарынан оңбай таяқ жеген 11 жастағы мектеп оқушысының бас миы қатты жарақаттанған. Тепкінің астында қалған Әлмир әлі бірқатар медициналық тексерулерден өтуі керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз