Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Кабинетіне кіргізіп….”. Мұғалімдер директордың масқарасын шығарды (видео)

Мектепке жаңа директор келгелі бері ұжым қақ жарылып, бір бірене алакөздене қарайды.

https://kaz.365info.kz/bir-bolmege-kirgizipti-alyp-khashudyn-arty-tragediyamen-ayakhtaldy-video-319741

Жиналғандар мектепте құдайдың құтты күні жанжал болатынын айтады. Қорлыққа шыдамадық деген топ директор ақшасын алса болды, мамандарды дипломсыз жұмысқа қабылдай береді дейді. Осыған дейін жұмыстан қуыламыз ба деп, басшыға қарсы келе алмапты-мыс.

“Директор сені жұмысқа алу үшін вахтердің орнына бес айлықты маған беріп отырасың деді. Мен оны алмаймын ол кісі алып отырады.

Сол үшін бес айлықты мен сол кісіге апарып жүрдім”, деді мұғалім Жанна Зұлпыхарова.

Ал ұжымның жартысы мектеп басшысының жағында. Олар мына елдің айтып отырғаны толығымен жала деп байбалам салады.

https://kaz.365info.kz/ake-khajdasyn-mirziyaev-karimovtyn-khyzyna-ne-istegenin-bilesiz-be-319561

Ал кей қызметкерден ақшаны қарызға алыпты. Сүттен ақ, судан таза демесе де, еңбегін адал атқарып жүр дейді.  Айжамал Аязбаева мектеп қызметкері:

“Балабақша ашылды, жағдайымызды жасап жұмыс берді. Ол айдаладан келді деп мыналар өшігіп жатыр, қаңғырып келді деп. Мыналар өздері билегісі келеді, басқарғысы келеді. Енді бұл дұрыс па? Кім қарызға ақша алмайды, бәріміз де аламыз”, деп қорғаштауда екіншілері.

   Екіге жарылған елдің дауы әбден өршігесін мектепке арнайы тексеріс жұмыстары да жүрген. Бірақ заңбұзушылықтар анықталмаған. Сондықтан білім бөліміндегілер оны қызметттен қууға құзыретіміз жетпейді дейді.   Оның үстіне директордың өзі бір аптадан бері ауруханада жатыр екен.

https://kaz.365info.kz/ajeldermen-otyr-oner-adamdary-zhalanash-auyz-ashyp-eldin-ashuyn-tugyzdy-video-319698

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз