Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қарағанды облысында із-түссіз жоғалған адамның атынан әлдекімдер медициналық тексерістен өтіп келген

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Биыл 70-ке толуы тиіс Виктор Дорофеев Ақтаудағы өндіріс орынында жұмыс істеп, жоғалардың алдында ғана зейнетке шығыпты. Үйленбеген, бала-шағасы жоқ. Туыстары оны соңғы рет 2011 жылдың 11-ші қыркүйегінде көрген.

“Күндіз үйінде болмаған. Кешке барсам, есігі тағы жабық тұр. Солай екі-үш күн өтті. Жоғалатын күні ауылдағы бір келіншек оның Теміртауға баратын автобусқа мініп жатқанын ғана көрген. Үстінде жеңіл киім ғана, тіпті құжаттарын да алмаған”, деді   Дрофеевтің інісі.

Содан бері оны полиция да, тіпті телебағдарламалар арқылы іздеу жариялаған туыстары да таба алмаған. Көрдім-білдім деген ешкім жоқ. 7 жыл өткен соң жақындары Викторды өлді деп тану үшін сотқа арызданыпты. Алайда туыстарының іздеу салған құжаттары мен полицияның анықтамасын сот қараусыз қалдырған. Себебі, Виктор Дорофеев іздеуде жүрген жылдары ауылдағы емханадан медициналық тексерістен өткені туралы анықтамалар табылған.

“Бұл жағдайды неге полиция емес, сот анықтап отыр. Сондықтан олардың іздегендеріне де үлкен күмән бар. Екіншіден, оның іздеуде жүгенін ауыл дәрігерлері жақсы беледі. Скринингке келген болса, полицияға неге хабарламаған? Тым құрығанда емханаға келсе, шағын ауылдың тұрғындары оны неге көрмеген?”, деді В. Дорофеевтің туысы.

Виктор Дорофеевтің  2014 және 2016 жылы келіп-кетіп жүрген емханасы осы. Бірақ оны дәрігерлерден өзге тірі жан көрмеген болып отыр.

Құжаттарға сенсек, Виктор Дорофеев өз денсаулығына аса қатты мән бергенге ұқсайды. Мәселен мына кабинетте ол қанын талдауға тапсырса, мына бөлмеге зәрін тексеруге өткізіпті. Тіпті ол іздеуде жүрген жылдары флюорографияға да түсіп үлгерген. Ол өз алдына, қария мұнда қуық безін де емдетіп кетіпті. Мұндағылар ол жылдары жұмыс істеген дәрігерлер басқа жерлерге ауысып кеткен деп ақталады.

Дей тұрғанмен, денсаулық сақтау министрі әр пациент үшін мемлекет қаржысын алатын дәрігерлердің көрсеткіш қуатынын мойындаған болатын. Сондықтан, денсаулық кодексіне өзгерістер дайындап жатқанын айтқан. Ал жоғалған Виктордың жақындары осы тұрғыда полицияға арыз түсірді. Дәрігерлердің ісіне енді олар да араласуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз