Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қара киімге тыйым дінге салынған тыйым емес – діни басқарма

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған дейін діни киім мәселесіндегі өздерінің ресми ұстанымын бірнеше рет жариялағанын айтып отыр.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде шариғат талаптарын сақтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескеріп, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс.

Ал паранжа (ниқаб) мен қара киім кию – салтымызға қайшы,

бұл ата-бабаларымыздың жолы емес”, – делінген мәлімдемеде.

Ислам дінінде сақал қоюдың да өзіндік әдебі мен мәдениеті бар екенін айтқан діни басқарма өкілдері мұсылман жамағатын сақал қоюда оның жарасымына аса мән беруге шақырды.

Айта кетейік, кеше, 19-сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесуінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтып, мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған еді.

“Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді”, – деген еді Мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз